Сонымен, құрметті менің оқырманым, бүгін тағы бір маңызды мәселені көтерудің сәті келді. Мен қозғағалы отырған мәселе жетістік жайлы болмақ. Бір аптада 7 күн, 168 сағат бар. Бұл уақыт барлығына ортақ. Алайда неге кейбіреулер жетістікке жетіп, кейбіреулердің дамуы кері бағытта?
Адамның жетістікке жетуінің алғышарты қандай? Иә, әркім әртүрлі жағдайларда өмір жолын бастағаны рас. Бірақ алыс ауыл-аймақтан шығып, елеулі жетістікке жеткен тұлғалар тарих парақтарында көптеп кездеседі. Ақсүйектер әулетінен шығып, адамзаттың дамуына оң үлесін қосқан тұлғалар да жетерлік. Сонда осы тұлғаларды біріктіретін дүние не болғаны? Олардың тынбай еңбек етіп, алға ұмтылғаны сөзсіз. Бірақ әлемде талмай еңбек етсе де, көздеген мақсаттарына жете алмай жүрген жандар қаншама?! Жә, ойландыратын сұрақтарды жетерлік қойдым деп есептеймін. Енді іске кіріселік.
Тарихқа алтын әріппен енген адамдарға тән бір ортақ нәрсе бар. Ол – махаббат, өзінің ісіне деген махаббат. Ал махаббаттың ошағы қайда? Дұрыс айтасыз, махаббаттың мөлдір бұлағы жүректің түбінде. Бұл жайлы ұлы Абай өзінің 17-ші қара сөзінде айтып кеткен. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өзара айтысып, ғылымға жүгенгенде, ғылым барлығының жұмыла жұмыс істегенін дұрыс көріп, алайда, араз болған жағдайда, жүректі жақтайтынын айтқан. Адамзаттың пайдасына еңбек етіп, еленген адамның бойындағы осы 3 қасиет бір сапта тұрып, жұмыла еңбек етітіні сөзсіз. Бұл кісілердің алдымен жүрегін тыңдап, содан соң жүрегінің көрсеткен бағыт-бағдарына сай, ақыл мен қайраттың да еңбек еткені анық.
Енді орынды туындайтын сұрақ, жүректің нені қалап, нені жөн санайтынын қалай ұқса болады? Қалай ойлайсыз, оқырман? Бастапқыда жауабын табу қиын болып көрінгенімен, бұның шешімі тіптен оңай. Алайда жүрегіңізден жауап алу үшін біраз әрекет ету керек. Сонымен, не істеу керек екенін білуге дайынсыз ба?)) Ендеше тыңдаңыз, жүрек үнін есту үшін тыныштық керек. Иә, кәдімгі, қарапайым ғана ТЫ – НЫШ – ТЫҚ.
Дәл қазіргі таңда қарбаласқа толы заманда адам баласы тыныштықтың не екенін тіпті ұмытып қалды. Көшеде абыр-сабыр болған адамдар, көліктер мен жалт-жұлт еткен жарнама. Бұл аз болғандай, үйге келген соң бір тыным бермейтін теледидар, ұялы телефон, ғаламтор... сонымен күндер жалғасуда. Қалаған оң өзгерістер өмірде орнамай, баяғы жартас – сол жартас... БІРАҚ, құрметті менің оқырманым, барлығы сіздің, тек қана сіздің қолыңызда!!!))) Кез келген сәтте өміріңізді қалаған арнаға бұра аласыз. Ол үшін тек шешім қабылдау керек. Яғни жүрек үнін тыңдауға кедергі келтіретін барлық артық дүниені азайту қажет. Жүрек үні құлағыңызға бірден келмеуі мүмкін, сондықтан өзіңізге уақыт беріңіз. Шу азайған кезде, жүректен де хабар келеді. Бұны мен сізге 100 пайыз сенімділікпен айта аламын. Дегенмен бұнымен іс біткен жоқ. Егер шын мәнісінде жетістікке жеткіңіз келсе, ақыл мен қайратты да жүректің айтқан бағыттында жұмысқа салуыңыз керек. Осы үш қасиет біріккен кезде ғана, сіз жан қалауыңызды орындайсыз. Ал жанның қалауының орындалуы, бұл сөзбен айтып жеткізе алмайтын бақыт. Ендеше, бақыттың кілті өзіңізде, құрметті оқырман! Іске кірісіңіз!)))