Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемдегі ең қуатты қару

 

MOAB/GBU-43/B Massive Ordnance, FOAB немесе (ATBIP),  Лазерлік платформадағы Boeing YAL-1 немесе Predator and Predator B. Иә, бұл әлемдегі жарылғыштардың анасы атанған, бір сәтте ақ жер бетінің күл паршасын шығаратын қуатты қарулар. Дегенмен, жылына бірнеше миллион адамның өмірін қиятын, адамзаттың басты қаруы – алкоголь.

Ішімдіктердің барлығының құрамына этиль спиртінің алкоголі кіреді. Оның химиялық формуласы C2H5OH. Мұны біз орта мектепте өтеміз. Бірақ, өкінішке орай, балаларға сол мектепте осы алкогольдің кісі өлтіретін есірткілік у екендігі, осы удан адам өлетіндігін айтпаймыз. Араққа уланып қайтыс болған адамның миын ашып көрген дәрігерлер мидың қалай бұзылғанына емес, мұндай мимен адам қалай өмір сүргеніне таң қалады, яғни адам баласын ақылынан айыратын бұл зұлымдықтың әлемдік қарулардан қай жері кем?

Гитлер 1942 жылы жаулап алған территориясының шығыс бөлігіне басқыншылық саясатының жоспарын құрғанда өз нұсқауында бар болғаны: «Славяндардың тілін жойып, ыммен сөйлесетіндей жағдайға жеткізіп, ешқандай гигиена, ешқандай егуді пайдаландырмай, тек арақ пен темекіге әдеттендіру керек», — деген бір-ақ ауыз сөйлем жазды. Осы мақсатта ол украинада тиын тұратын арақты кітапқа айырбастап, оған қоса кітапты өртеу арқылы халықтың рухани байлығын жойды. Гитлердің сүйегі кеуіп қалса да, әлемде оның ойы ақырындап орындалып жатыр.

“Арақпен достасқаның - адамгершілікпен қоштасқаның”. -  деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Отбасыларды ойранын шығарып, адам өмірін 10-15 жылға қысқартып, елімізде қылмыстың санын көбейтетін бұл індеттен денімізді аулақ ұстап, тек жақсылыққа құштар болайық!

 
2
1
870

Осы тақырып бойынша

Әлемдегі ең қуатты қару - Yvision.kz