Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ескерту – сақталғандықтың белгісі

2017 жылдың 7 ақпанда Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарды ескерту және оның жолын болдырмау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі М.Г.Харесова, басқарма басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында М.Г.Харесова «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының» негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық ұйымдардың өзара ынтымақтастығының қажеттілігін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстардың облыста қалай өтіп жатқандығын айтып өтті.

Шара соңында, қатысушыларға  «Өз өміріңді бағала» и «Жемқорлық қоғам дерті» тақырыптарындағы бейнероликтер көрсетілді.

       
0
0
681

Осы тақырып бойынша

Ескерту – сақталғандықтың белгісі - Yvision.kz