2017 жылдан бастап ауылда тұратын азаматтар қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алады
Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Министр, биыл, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыратынын хабарлады. «Бірінші кезеңде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нарығын демонополизациялау қамтамасыз етілді. Бұл қызмет көрсететін ұйымды азаматтардың өздеріне таңдауға (мемлекеттік секторда не үкіметтік емес ұйымдар бойынша); балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне к…