Жаңғыру дегеніміз, құр «жаңғырық» болып қалмасын!
Бұл - менің сөзім емес. Назарбаев осылай деді. Алдымен, бір оқыдым. Түк ұқпадым! Қиын, бірақ ой салады. Жазуы мықты, бірақ, ойлары одан да әсерлі. Сондықтан, қоғамдық көлікте оқып, береке таппайды екенсің…
Кешкісін оқыдым. Көзім жетті, біраз философиялық ойлары адамды «сындырып» тастайды екен. Мына ойлар өзіме қатты ұнады. Сіздермен де бөлісейін:
* Жұрт латын деп соғып жатыр. Мен, әңгімені, ұлттық кодтан бастайын. Кодымыздың тегі - әріде жатыр. Сақ, ғұн дәуіріндегі ғұрыптар мен құндылықтардың қазіргі дәуірмен сабақтасуы, әлемдік өркениеттегі қазақылық иммунитетінің күшейіп келуі. (біздің елдің дипломатиялық миссия мен татулықтың ұйытқысы болудағы рөлі)
* Өмір сүру үшін (сапалы өмір) өзгеріс керек деген ой маған «ой» салды. Расында, қазір 2-3 жыл кеш қалсаң, ортадан өз орныңды табу мүмкін емес. Себебі қарқын өте күшті. Енжарлық, жалқаулықты жоймасаң, «ауылдың» өзінде өмір сүре алмайсың!
* Адамдардың бәсеге қабілеттелігі. Расында қазір осы сөзді жиі айтамыз. Негізінде, «тізесі» шығып кеткен әңгіме. Бірақ, өмірдің өзегі. Қазір, мұнай-газыңа ешкім пысқырып та қарамайды. Басы мықты, іскер азаматтары бар ЕЛ, бәрінен озық болады. Бұған, қытайды мысал етуге болады.
* «Туған жер» бағдарламасының қабылдануы. Бұл- енді орны бөлек әңгіме. Бастысы, сөз болып қалмасын!
Бұлардың барлығы өзіме ұнады. Ұнамаса, ойымдағыны бұлай тізбектеп жазбас та едім. Бірақ, халықтың саяси мәдениеті мен құқықтық санасын көтермей бұларды толық жүргізу оңай емес. Не де болса, жаңа бір бағыт-бағдар, елге сенім ұялататын құжат болды. Ұмытып бара жатыр екенмін. Ұлттық иммунитет күшті болу үшін, жалған, әсерсіз дүниелерден аулақ жүрейік.
