Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық және тәртіптік құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік

2017 жылдың 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ҚР АШМ-нің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің БҚО бойынша аумақтық инспекциясы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.С.Жұбаныш, инспекция басшылығы мен қызметшілері қатысып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік мәселелері қаралды.

А.С.Жұбаныш өз сөзінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел кезінде жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.

     
0
0
584

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық және тәртіптік құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік - Yvision.kz