БҚО-да БАҚ өкілдері үшін тимбилдинг өткізілді
2017 жылдың 13 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында тимбилдинг түрінде семинар-тренинг өткізілді.
Қазіргі уақытта тимбилдинг толыққанды даму мен өзара қарым-қатынаста тиімді инструмент ретінде корпоративті менеджменттің перспективті моделіне айналуда.
Шара мемлекеттік органдар мен БАҚ арасында тиімді өзара қарым-қатынасты орнату және оны көтеру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің өкілі М.Г.Харесова, мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері және тимбилдинг бойынша мамандардың қатысуымен өткізілді.
Шараға қатысушылар топтық ойындарға және психологиялық тренингтерге қатысты.
