Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан» РТРК» АҚ ның кино және телехикая өнімдері халықаралық нарыққа жол тартпақ!

Ақпарат: Бұл, Қазақстан РТРК АҚ ның басты стратегиялық бағыттарының бірі. Дәл бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қарин мен Қырғыз Республикасының Қоғамдық Телерадиотарату корпорациясының Бас директоры Илим Карыпбеков серіктестік туралы меморандумға қол қойды.


Сөз мәйегі: Құжатқа Бішкекте өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның сериалдық өнімдерін таныстыру аясында қол қойылды.

Шараның мақсатын айта кетсек, Қазақстан және Қырғызстан арасында меншікті кино және телехикая өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыру.

Маңызды: ҚР Үкіметінің қолдауымен «Қазақстан» телеарнасы жылдан-жылға отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді. 2009 жылы алты бөлімді «Ағайынды» драмасы өндірілді. Бүгінгі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясымен түрлі жанрда 62 телехикая түсіріліп, көрерменге жетті. Олардың арасында ең танымалдары - «Ағайынды», «Көк тарландары», «Сырғалым», «Аяулы арман», «Әке», «Іңкәр жүрек» және т.б.

Нәтиже: Аталмыш шараға Қырғыз Республикасының 14-тен астам телеарнасы қатысты. Қырғызстандық теленарыққа шығу «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның кино және телехикая өнімдерін халықаралық нарыққа шығарудағы басты бағыттардың бірі болмақ.

Стратегиялық түйін: «Қазақстан» телерадиокорпорациясы елімізде телесериал өндіру саласында көшбасшы болғандықтан - Канн, Мәскеу, Будапешт, Берлин, Сингапур, Гонконг, Пусан, Сеул қалаларында өтетін халықаралық телевизиялық нарыққа белсенді қатысады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде телехикаяларды көрсету құқығы ҚХР, АҚШ, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Кипр, Словения елдеріне берілді.

   
0
0
368

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан» РТРК» АҚ ның кино және телехикая өнімдері халықаралық нарыққа жол тартпақ! - Yvision.kz