Мазмұнға өту

Жаңа

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 20 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-географиялық факультетінің студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
254

2017 жылдың алғашқы тоқсанында өндірістік жарақаттану деңгейі 14,8%-ға төмендеді

2017 жылдың 1 сәуірінде, ел аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқыс оқиғалар салдарынан 342 адам зардап шегіп, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8%-ға аз екенін байқатты (2016 жылы – 401). Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 43 адамды құрап, былтырғы ұқсас уақыт аралығына қарағанда 8,6%-ға төмен болды (2016 жылдың алғашқы тоқсанында – 47 адам). Жалпы, 2016 жылдың қорытындысында, өндірістегі оқыс оқиғалар қатары сиреді. Былтыр, өндірістегі оқыс оқиғалар салдарынан 1 мың 683 адам жапа шегіп, 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмен көрсеткішті аңғартты. Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 248 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімінен 1,2%-ға аз болды (251 адам). Мұндай жағымды өзгерістерге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі…

0
0
465

«Кітап — ғажайып әлем»

20.04.17 жылы сағ. 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 23 сәуір «Кітап - ғажайып әлем» атты Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай әрі осы күнді атап өту аясында облысымыздың ақын – қаламгер, Қостанай облысының «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты - Ғайнижамал Сайманқызы Бердалиновамен кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты оқушыларды, жасөспірімдерді жерлес ақын – қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру. Аталған іс -шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 7-8 сынып оқушылары, ақынның жақын туыстары қатысты. Оқушылар ақын апайымыздың өлеңдерін айтып, ақынның балалық шағы, шығармашылық өсу жолы мен өмірі жайлы қызықты да өзекті сұрақтарын қойды. 8 сынып оқушысы Әуезхан Нұрым, «Отан ана» атты өл…

0
0
1632

«Павлодар облысы студент жастарының арасындағы облыстық дебаттық турнир»

«Павлодар облысы жастар саясатының мәселелерінің басқармасы» ММ қолдауымен 22-23 ақпанда «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты аясында Павлодар қаласының колледж және жоғары оқу орны студенттерінің арасында парламенттік дебаттар бойынша дебаттық турнир өткізді. Дебаттың тақырыбы қазіргі жастар мәселесіне сай «Жастар елінің болашағына бүгін жауапты» тақырыбында өтті. Турнирдің мақсаты Павлодар облысындағы зияткер жастарының консолидациясы, әлеуетті, жауапкершілігі мол, азаматтық позициясы мықты, шығармашыл және сын тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары жастарды тәрбиелеу; дебат қозғалысын дамыту болып табылады. Турнирдің тақырыбы турнирдің мақсатына дәлме-дәл болған іспетті. Олар «Бұл палата мемлекеттің гүлденуі тек жастардың қолында деп есептейді», «Б…

0
0
1150

2017 жылғы сәуірдің 14-інен бастап 20-сын қоса алғандағы кезең ішінде

1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 227 нормативтік құқықтық акті тіркелді;

2. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 2405 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;

3. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 220 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды.

0
0
414

Ақсақалдар Назарбаевқа риза екен

Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев және Дулат Исабеков Назарбаевтың жұмыс жағына барып, әңгіме дүкен құрыпты. Бас жағын көре алмадым. Бірақ, сайттарға кіріп, екі рет қарап шықтым. Бұрынғы із, сол әңгіме сарыны. Өзгергені, Д.Исабековтың келуі болды. Бұған өзім қуандым. Назарбаев та шаршамапты. Кездесуден есте қалған ойларды жазуды мақсат тұттым. Сонымен: * Жастардың өмірі, бізден жақсы болуына менің сенімім бар! * Денсаулық сақтаудың 10-15 % жыл сайын өзгеріп отырады. * Бір ел, бір қазақ екенімізді түсінуміз керек. * Біз барлық шекарадағы татулық, ішкі татулықтың арқасында осындай нәтижеге жетіп отырмыз. * Жүз оқулықты алып аударып берсек бәсеге дайындық деген осы. * Әр жаңалықты қабылдауға жастардың санасы ашық болу керек. * Біз, өте үлкен насихат, түсінікті жұмыс жүргізуіміз керек. * Ел…

1
0
412

Қазақтың «өз» саясаты басталды

Байқасаңыз, қазір Қазақстан өзгерді. Анау-мынау емес, Назарбаевтың өзі бұл өзгеріске мүдделі екенін ашық айтып жүр. Неге? Бұл өзгеріс кім үшін жасалып жатыр? Мүмкін, мемлекеттік басқаруды қайта модернизация жасауда қазақы қоғамның күш-жігеріне салмақ түскен шығар. Әлде, бұдан басқа жолы қалмады ма? Бұған жауап беру әрине, қиын. Кешегі күні, қазақ қоғамында беделі биік үш ақсақалмен кездескен Назарбаев жоғарыдағы сұрақтарға сылап, сыйпап болса да жауап бере кетті. * Жаңа дәуір, жаңа кезең басталды. Оның саясаты да, талабы да басқа болады. Бұл, әлемде болып жатқан процестердің заңды жалғасы дегенді де айтты. * Өзгеріс, экономикадан (өндірістен) басқа, идеология мен ұлттық сана мен ойлау түйсіктерінің барлық қыртыстарында жаңғырады деген ойын да жеткізді. * Сондықтан, өзгеремесең артта қалас…

1
3
448

Алтын уақыт, армандай...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Чекалин «Суббота»

Бейнематериал авторы – Мир приключении «Водопад Игуасу»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Бұл өмірдің елесінде,

Жүрсектегі, біз талай.

Тек өмірдің кемесінде,

Алтын уақыт, армандай.

 

Зырылдайды, тоқтамайды,

Айлар, күндер, көп жылдар.

Неге көңіл шырылдайды?

Неге, неге сұрақтар.

 

Жыласаңда, мұңайсаңда,

Үмітіңді, жалғай бер.

Бізден, уақыт сұрамайды,

Одан жүйрік, жоқ бетер.

 

Жүйрік уақыт, жеткізбейді,

Зырылдайды-ау, көк желдей.

Шын сүйгендер, өкінбейді,

Тек болмасын, жан кедей.

 

Байлық деген, өзі өмір,

Сансыз арман, елесте.

Жанар жаста, мұңда көңіл,

Бұлда бақыт, емес пе.

 

Сарқылмасын, көңіл мұңда,

Тек бақытта самғасын.

Тоқтамасын, уақыт бізге,

Қанатымыз талмасын.

   

https://www.youtube.com/watch?v=VnBu0JHw8Ns

1
1
1095

Болашағы жоқ елдің тірі жетімдері кімдер?

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халықпыз дейміз-ау, сондағы бүгінгі айтып отырған тірі жетімдер кімдер? Тірі жетім- қос ата-анасынан немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Дегеніменде ата-анасының екеуі де тірі бола тұра жетмнің күйін кешіп, өмір есігін ашпастан тастанды атанып жүрген жазықсыз сәбілерімізде бар, оны жасыра алмаймыз. Халқымыз ертеден « Ананың бақыты балада»,- деуші едіғой. Перзенттінің алғашы қадам басып, шүлдірлеп тілі шығып, мектеп табалдырығын алғашықы аттағаның, өсіп-өңгенінен көруден асан бақыт жоққой. Қазіргі бақыт жастар үшін неде? Мансап қуып, байлық іздеуде. Сондай тар ойлы ұрпақтарымыздың кесірінен көздері мөлдіреп, бір үміт отымен өмір сүріп жүргендерімзідің саны артуда. Неге қоғамымызда дәл осындай оқиға орын алуда? Өз перзентт…

2
0
1227

«Футбол театры. Жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін»

Кеше 20 сәуір күні Мәскеуде футбол менеджері Алексей Сафоновпен «Футбол» және «Советский спорт-футбол» апталықтарының шолушысы, журналист-Максим Михалконың "Футбол театры. Жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін" деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті. "Футбол театры. Жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін" кітабының мұқабасы. Жалпы кітап авторлары қазіргі кездегі ел футболының аяқ алысы мен аталмыш саладағы күрмеуі көп мәселелерді қозғап, 2018 жылғы Әлем біріншілігі қарсаңындағы жағдайды да ұмыт қалдырмаған. Кітапта қарапайым футбол жанкүйерінен бастап, клуб менеджерлері, төрешілердің бас-аяғы 40 астам кейіпкердің пікірлер мен ойлары жүйелі түрде жарасым тапқан. Енді, назарларыңызға сол таныстырылым туралы суреттер баяндасын. Кітап авторлары: Алексей Сафоновпен Сергей…

2
0
855