Қазақтың «өз» саясаты басталды
Байқасаңыз, қазір Қазақстан өзгерді. Анау-мынау емес, Назарбаевтың өзі бұл өзгеріске мүдделі екенін ашық айтып жүр. Неге? Бұл өзгеріс кім үшін жасалып жатыр? Мүмкін, мемлекеттік басқаруды қайта модернизация жасауда қазақы қоғамның күш-жігеріне салмақ түскен шығар. Әлде, бұдан басқа жолы қалмады ма? Бұған жауап беру әрине, қиын.
Кешегі күні, қазақ қоғамында беделі биік үш ақсақалмен кездескен Назарбаев жоғарыдағы сұрақтарға сылап, сыйпап болса да жауап бере кетті.
* Жаңа дәуір, жаңа кезең басталды. Оның саясаты да, талабы да басқа болады. Бұл, әлемде болып жатқан процестердің заңды жалғасы дегенді де айтты.
* Өзгеріс, экономикадан (өндірістен) басқа, идеология мен ұлттық сана мен ойлау түйсіктерінің барлық қыртыстарында жаңғырады деген ойын да жеткізді.
* Сондықтан, өзгеремесең артта қаласың, өзгелер өзгеріп, барыңды тартып алуы ғажап емес деген емеурін пікір де айтылды.
Пы-сы: Өзгерістің болғаны жақсы. Бірақ, ұтымды, тиімді өзгеріс керек. Не де болса, Назарбаев өзгерістен, өзгертулерден шаршамайды екен. Мүмкін, бұл өзгерісті әркім «өзінен» бастау керек шығар.
