Болашағы жоқ елдің тірі жетімдері кімдер?
Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халықпыз дейміз-ау, сондағы бүгінгі айтып отырған тірі жетімдер кімдер?
Тірі жетім- қос ата-анасынан немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Дегеніменде ата-анасының екеуі де тірі бола тұра жетмнің күйін кешіп, өмір есігін ашпастан тастанды атанып жүрген жазықсыз сәбілерімізде бар, оны жасыра алмаймыз. Халқымыз ертеден « Ананың бақыты балада»,- деуші едіғой.
Перзенттінің алғашы қадам басып, шүлдірлеп тілі шығып, мектеп табалдырығын алғашықы аттағаның, өсіп-өңгенінен көруден асан бақыт жоққой. Қазіргі бақыт жастар үшін неде? Мансап қуып, байлық іздеуде. Сондай тар ойлы ұрпақтарымыздың кесірінен көздері мөлдіреп, бір үміт отымен өмір сүріп жүргендерімзідің саны артуда.
Неге қоғамымызда дәл осындай оқиға орын алуда? Өз перзенттінен өзі бастартуға мәжбүрлеген ол не немесе қандай себеп?
«Тәрбие тал бесіктен»,- дегендей кезіндегі Шоқан мен Абайдың әжелер, аналары берген тәрбиені бере алмай отырмыз ба? Біз «Келешек жастардың қолында»,-деп үнемі айтып отырамыз. Сондағы болашағымызды қандай жастарға сеніп тапсырып жүрміз? Балар үйіндегі жетімдерімізді кімдер асырап алуда? Оған жауап мынада- бала тәрбиес. Күйбелен тіршліктің кесірінен көптеген ата-аналар өз перзенттіне көңіл бөлуге уақыт таппайды, ол не істеп жүр, немен айналысып жүргенің білмейді.
Әрине оларды да түсінуге болады. Баласының ештенкеден мұқтаж болмауын, заман талабынан қалмауын қалайдығой. Бірақта біз баланың тек материалдық қажеттілігін ғана қалыптастырып жатырмыз. Ал сонда ұрпатарымызды кім тәрбиелеу де? Қазіргі уақытта жастарымыз бен жасөспірімдерімізді ғаламтор, ұялы телефон, компьютер ойындары, шетелдік мултьфильмдер тәрбие беруде. Ол сәбилеріміздің ой санасын улауда, өзімшілдікке, жауап кершіліктің не екенін білмеуге үйретуде.
Бұдан шыққан нәтеже:
жастайынан шалыс басып, адам өмірін ойыншықа айналдырып, өз өмір жалғасы мұрагерін балалар үйіне тастап, « Жетім өз кіндігін өзі кеседі»,- дегендей өмір есігін ашпастан көлік терезесінен көшеге латырылып, немесе қоқыс пен дәретханаларға зат секілді тасталып жатыр. Өз туған жерінен, өзінің кім екенін, қазақ деген ұлттың бар екенін білместен мұхит асып жатақан жетімдеріміздің тағдырын уайымдаймын.
Дәл осылай жалғаса беретін болса еліміз қалай гүлденеді?
Өркениеттіміздің осындай дәрежеге түсуінің тағы бір себебі ол некені ойыншыққа айналдыру. Өкінішке орай қазір жастарымыз отбасы құрып, бас құрауға жеңіл -желпі қарайды. Отау құрғанна кейін көп ұзамай ажырасып кетіп те жатады. Бұл бала мінезін және оның өмірге деген көзарасын өзгертеді. Ата-анасының екіге ажырауына куә болған балада жетім емес пе.
Қоғамымыздағы бұл мәселені қалай жеңе аламыз?
Ұрпақтарымызды ғаламторға емес қазақи ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық ойындарға, қазақи тәрбиеге, ертегі мен аңыз әнгімелерге әуестендірейік. Өмір жолындағы әр шешімді ойланып, саналы түрде әрекет еткен жағдайда ғана біз болашағымызды, өскелен ұрпақтарымызды сақтай аламыз.

