«Футбол театры. Жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін»
Кеше 20 сәуір күні Мәскеуде футбол менеджері Алексей Сафоновпен «Футбол» және «Советский спорт-футбол» апталықтарының шолушысы, журналист-Максим Михалконың "Футбол театры. Жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін" деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті.

"Футбол театры. Жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін" кітабының мұқабасы.
Жалпы кітап авторлары қазіргі кездегі ел футболының аяқ алысы мен аталмыш саладағы күрмеуі көп мәселелерді қозғап, 2018 жылғы Әлем біріншілігі қарсаңындағы жағдайды да ұмыт қалдырмаған. Кітапта қарапайым футбол жанкүйерінен бастап, клуб менеджерлері, төрешілердің бас-аяғы 40 астам кейіпкердің пікірлер мен ойлары жүйелі түрде жарасым тапқан. Енді, назарларыңызға сол таныстырылым туралы суреттер баяндасын.

Кітап авторлары: Алексей Сафоновпен Сергей Михалко.

Кітап демеушілері «Эскмо» баспаханасының өкілдерінің тілегі.

Таныстырылымға келген қонақтар.

Алексей Сафонов пен Сергей Михалко бір кадрда.

Жаңа кітап оқырмандары

Авторлар журналистердің сауалдарына жауап беруде.

Оқырманға жол тартқан құнды кітап.

Оқырманға қолтаңба беру сәті.

Авторлармен естелік сурет.

Авторлармен естелік сурет.

Көптен күткен кітап оқырманға жол тартты.
Авторлар көп ізденудің арқасында біршама бас қатырарлық маңызды деген сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Бұл кітаптың құндылығын арттырып, тың дүниелерлің қатарына қосары сөзсіз.
Айтпақшы, авторлар қазіргі «Ростовтың» вице-президенті, атан жілік, арқар мүйіз жаттықтырушысы Құрбан Бердыевке ерекше толқалып, қырағы бапкердің құпияларын, ерекшеліктерін оқырмандарымен бөліскенді жөн көріпті. Бірақ ол жайында келесі постымнан оқи аласыздар.
