Қалың мал
Әрбір халықтың тек өзіне тән салт-дәстүрі – атадан балаға қалған ең басты мұрасы. Адам өмірінің сәні мен мәнін кіргізіп, мағыналы ететін де осы салт-дәстүр. Әрбіреуінің өзіне тән ғажабы, мағынасы бар. Ол халықтың жылдар, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы. Қазақ халқының сан түрлі салт-дәстүрге бай болуы оның рухани бай екендігін, мәдени жағынан сауатты екендігін көрсетеді. Ұлын ұлық қылып, қызын қылықты қылып өсіруде дәл осы жөн-жоралғылардың алатын орны ерекше. Дәстүр арқылы ұрпағымыздың бойына ешкімге тән емес қазақ халқының қасиеті дариды. Шыр етіп дүниеге келген сәттен сәби есейгенше қазақы салт-дәстүрмен, наным-сенімдермен тәрбиеленеді. Үйдің ұлы мен қызы шанырақ көтеріп бөлек шығуы да дәстүрге сай жүргізіледі. Қыз алысып, қыз берісу, құда болу ерте ме, кеш пе орындалатын шарт іспетті…
