Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа – Бірге!» акциясы жалғасуда

А.ж. 28 сәуір күні «Парасыз болашаққа – Бірге!» акциясы аясында жемқорлыққа қарсы мобильдік топ «Medicus» медициналық орталығымен Назарбаев интеллектуалды мектебінде болды.

Мобильдік топтың жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті және  Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері (жемқорлыққа қарсы қызмет), «Жас Отан» жастар қанаты, кәсіпкерлер палатасы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Барлық қатысушылар жемқорлық деңгейінің төмендетуіне қоғам мен мемлекеттің тығыз әрекет етуі қажеттігін насихаттады.

Спикерлер жемқорлықпен күрес әрбір қазақстандық отбасының, әрбір азаматтың және жалпы қоғамның  зор маңызға ие ісі екендігін атап көрсетті.

Мобильдік топ  жұмысының соңында «Бакалея» әмбебап дүкенінде болып, тұрғындарға ақпараттық брошюралар табыс ете отырып, жемқорлық фактілерімен кездескен сәтте қалай әрекет ету қажеттігін түсіндірді.

Департамент госслужбы

0
0
375

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа – Бірге!» акциясы жалғасуда - Yvision.kz