Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» байқауын ұйымдастыру жұмыстары туралы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларының ілгерілету және оны ұйымдастырудағы үздік тәжірибелерді елімізде енгізу мақсатында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлыққа қол қойды. Мемлекет Басшысының тапсырмасы Қазақстанның әлеуметтік әріптестік үлгісін одан әрі сындарлы дамытуға негіз болды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылы республикалық «Парыз-2017» байқауы жарияланды, конкурс лауреаттарының атақтары (ірі, орта және шағын) субъектісі үш санаттары бойынша және «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін» 4 номинациялары бойынша беріледі.

Конкурстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның әлеуметтік бағдарланған мінез-құлық моделін қалыптастыру, өңірлердің және елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы. Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы. Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық)  бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Осыған байланысты, облыстағы ірі, орта және шағын кәсіпорындарды «Парыз-2017» конкурсына  қатысуға  шақырамыз.  Материалдар 2017 жылғы 1 қыркүйекке  дейін қағаз және электрондық тасығышта беріледі.

Конкурс бойынша барлық туындаған сұрақтар жөнінде Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2А мекенжайында орналасқан  Қостанай облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, байланыс телефоны 8(7142) 53-72-57.

0
0
624

Осы тақырып бойынша

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» байқауын ұйымдастыру жұмыстары туралы - Yvision.kz