Мемлекеттік қызметшілерді уәждемелеу және ынталандыру

Департаментпен мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылуда.
Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Департамент басшысының орынбасары Е.Ф. Степаненко СҚО бойынша Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының тыңдаушылары үшін «Мансаптық уәждеме және ынталандыру – жеке тәжірибе» дәрісін өткізді.

Дәріс барысында, мемлекеттік қызмет – бұл қызметтің ерекше түрі, және оған өзге қызмет саласындағы уәждеменің кез келген әдіс-тәсілдері қолданыла бермейтіні атап көрсетілді. Мемлекеттік қызмет барысында қалыптастырылатын қарым-қатынастарды орнату кезінде мемлекеттік қызметшілердің қызығушылықтары мен ұмтылыстары басты рөл атқарады.
Сапалы мансаптық жоспарлау – уәждеменің әрекетті механизмдерінің бірі болып табылады.

Аталмыш бағыттағы жұмыс Департаментпен тұрақты негізде жүргізіледі. Департамент басшылығы мен қызметкерлері дәрістерді келесі тақырыптар бойынша өткізеді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы және т.б.
