Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру — біздің ортақ міндетіміз!

Ұлт Жоспары "100 нақты қадамы"бірінші қадамын «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» іске асыру мақсатында, , ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен а.ж. 28 сәуірдугі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде келесі тақырыптар болған:

1. Ұсынылған есептердің мемлекеттік қызмет кадрларын жай-күйінің мониторингі бойынша талдауы;

2. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңдардың өзгерістерге шолу.

Семинардың  бірінші тақырып бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Бахриразиев Р. Х. сөз сөйледі, жиналғандарды жүргізілген талдау нәтижелерімен таныстырды. Қателер есеп беру кезінде болдырмау мақсатында, ұсыныстар берілді.

Екінші мәселе бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Баженова И. Е. сөз сөйледі, ол 2017 жылы  21 ақпандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің  Төрағасымен қол қойылған "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселері туралы" №40 Бұйрық түсіндірілді.

Аталмыш бұйрыққа сәйкес, "Б" корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,  мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға  үміткерлерді  тестілеуді ұйымдастыры,  бағдарламалары мен қағидаларына өзгертулер енгізілді.

Семинар барысында қойылған барлық сұрақттарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 
0
0
1856

Осы тақырып бойынша

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру — біздің ортақ міндетіміз! - Yvision.kz