Жемқорлыққа қарсы велошеру
А.ж. 30 сәуірде Департамент қызметкерлері Қазақстан халқы бірлігі күніне және ЭКСПО- 2017-ге арналған қалалық велошеруге қатысты .
Велошеруді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, Көкшетау қаласы әкімдігінің, Білім басқармасының, Туризм басқармасының, «Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы» МКҚК қолдау көрсетуімен «Көкше велоқауымдастығы» клубы ұйымдастырды.
Ақмола облысының велошеруге қатысқан мемлекеттік қызметшілері «Адал бол» жазуы бар қызыл жеңсіз жейделерді киіп, өздерінің сыбайлас жемқорлыққа келеңсіз әлеуметтік құбылыс ретінде қарайтын көзқарастарын білдірді.
Велошерудің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, велоспортты бұқара халыққа экологиялық және денсаулыққа пайдалы қозғалыс құралы ретінде дәріптеу, сонымен бірге, қала тұрғындарын дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Велошеруді жүйелі түрде өткізу бұқаралық велоспорт дәстүрінің қайта өркендеуіне және салауатты өмір салтының қалыптасуына, қаланың велоинфрақұрылымының дамуына қалың жұршылықтың назарын аударатынын атап өткен жөн.
Акцияға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, түрлі ведомстволардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, барлығы 250 адам қатысты.
