Мазмұнға өту

Жаңа

Жергілікті полицияға жаңа басшы тағайындалды

Главное » Тыныс

Жергілікті полицияға жаңа басшы тағайындалды

20 Мая 2017 (10:21) | 174 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметіне жаңа басшы тағайындалды. Облыстық мәслихаттың 9-сессиясы барысында өңір әкімі Ералы Тоғжанов Ішкі істер министрінің ұсынымын ескере отырып, бұл лауазымға Ұлықбек Мылтықовтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Депутаттар жаңа басшының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ұлықбек Мылтықов ішкі істер органдарында 1996 жылдан бастап қызмет етеді. Бұған дейін Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары болды. Ал, Амангелді Халмұрадов басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

0
0
626

Ішкі істер органдарының зейнеткері Ғалымжан Ахметовті еске алу құрметіне арналған турнир өтті

2017 жылдың 27 мамырында ішкі істер органдарының зейнеткері, отставкадағы полиция полковнигі Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алу құрметіне «Динамо» спорт кешенінде шағын футбол мен волейболдан турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облысы Ішкі істер департаменттерінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Турнир Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Ғалымжан Ахметов атындағы қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен өткізілді. Ахметов Ғалымжан Ахметұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1952 жылдың 16 қарашасында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдың маусым айында Қызылорда облысы ІІБ социалистік меншікті жымқырумен күрес бөлімінің ұйымдастырушылық-әдістемелік тобының инспекторы лауазымынан бастаған. Өзіні…

0
0
789

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету жалғасуда. 2017 жылғы 26 мамырда Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы О.Н. Брюнина төрт мемлекеттік мекеме – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi және Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринария бөлiмiнің ұжымдарына сыбайл…

0
0
467

Еңбек министрі инвестициялық климатты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы Америка сауда палатасының сыйлығына ие болды. 2017 жылы аталған марапат инвестициялық ахуалды жақсартқан тұлғаларға табысталды.

Америка сауда палатасының сыйлығы экономиканың саналуан саласындағы ұйымдар мен жеке тұлғаларға жыл сайын беріліп келеді. Сонымен қатар, Қазақстанды өркендетуге қосқан айтарлықтай үлесі үшін «Қазақстандағы Америка сауда палатасының құрметті аталымы» дербес тартуы тапсырылуда.

Палатаның сыйлығын әр жылдары бұрынғы ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова, ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко және басқалары алған.

0
0
367

Назарбаев университеті — кемел келешектің кепілі

Tengrinews.kz сайты хабарлағандай, 27 мамыр күні Астана қаласында Назарбаев университеті өзінің 3- түлектерін ұшырды. 2010 жылы қыркүйектен бастап өз есігін білім аламын деушілерге айқара ашқан университетті биыл 737 түлек аяқтады. Оның ішінде 499 түлек бакалавр, 229 түлек магистр, 9 түлек PhD доктор дәрежесін алды. Бұған дейін бұл университетті мыңнан астам түлек тәмамдаған болатын. Назарбаев университетінің студенті атану кез келген түлек үшін оңай болмасы анық. Өйткені, өзге мектеп бітірушілер ЖОО-на түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын болса, Назарбаев университетіне түсушілер бірнеше емтихандарды тапсыратын болады. Атап айтатын болсақ, ең алдымен BCEPT емтиханын тапсыру қажет. Бұл емтихан арқылы талапкердің ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігі анықталатын болады. Бұл емтих…

1
0
636

Қиялыма қанат бітірген білім ордасы

Кез келген мектеп оқушысын он бір жыл білім алған ордасынан түлеп ұшар сәтте «Мен кім боламын?», «Қайда білім аламын?», сынды бас қатырғыш сан сауал жаулап алады. Қазіргі сәтте мектеп түлектерінің жүректері қалай тулап, «Қайтсем өз мақсатыма жетемін?»-деп жүрген ішкі сезімдерін мен жақсы түсінемін. Себебі, мен де тура бір жыл бұрын осы жайтты бастан кешкен едім. «ҚазҰУ ма, әлде ЕҰУ ма?» («Алматы ма, Астана ма?», «журналистика ма, әлде өзге мамандық па?») сынды сауалдардың санында шек болмады. Алайда, мен ұзақ ойланып, Алатаудың баурайында орналасқан әсем қала Алматының төріндегі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім аламын деп шешім қабылдаған болатынмын. Журналистика факультеті – мен үшін киелі мекен. Киелі демеске болады ма? Қазақстанның бұқара…

0
0
933

Ақ жол саған, жас түлек!

Мектеп түлегі атану – үлкен өмірге қадам басудың жаңа баспалдағы. Бұл баспалдақтың сенің өміріңнің бір бөлшегіне айналары сөзсіз. Жас түлек, сондықтан да мен саған алдағы өмір баспалдағыңның қызықты да қуанышты жағдайларға толы болуын тілеймін. Бір жыл бұрын менің де көңілім күпті болып, өмір-өзеннің қай ағысқа қарай алып кетерін білмей жүрген кезеңді бастан кешірдім. Мен үшін ҰБТ – алынбайтын үлкен қамал, ал өз арманымдағы ЖОО-на түсу – орындалмас арман болып елестейтін. Бірақ, аз ғана уақыттың ішінде алынбайтын қамалдың «алынатындығына», орындалмастай болып көрінген арманның «орындалатындығына» көзім жетті. «Қалай?»-деп ойлайтын боларсыздар? Өз күшіңе сене отырып, еңбектену арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. ҰБТ-дан жоғары балл алған соң, өзімнің арманымдағы оқу орнына түсіп, «…

0
0
2715

Ақтөбе қаласындағы қызықтауға тұрарлық он орын

Ақтөбе – еліміздің батысында орналасқан көрікті қалалардың бірі де бірегейі. Қала 28 мамырда өзінің 148 жылдық мерекесін атап өтпек. Ал сіз әсем қалаға қонақтап келген жағдайда қандай жерлерді аралау керектігін білесіз бе? Білмесеңіз, сізге келесі тізімді ұсынамын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақ – қала тұрғындарынан бөлек, қонақтардың да көңілінен шыға білген орын деп есептеуге толық негіз бар. Себебі, бұл жерде сіз демалып қана қоймай, республика, облыс, қала көлеміндегі ірі іс-шаралардың да куәгері бола аласыз. Бұл саябақ көптеген маңызды оқиғалар мен көңілге қуаныш сыйлайтын концерттердің куәгеріне айналып үлгерді. Саябақтағы орналасқан субұрқақ пен әдемі гүлдер қаланың күнделікті тіршілігінен бір серпілтері анық. Кез келген адамға бұл орын көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды дема…

0
0
35484

“Жаңа жол” оқу орталығы журналистика курсына шақырады!

Бұл курста журналистика жанры, сұхбат алу, репортаж және мақала жазуды үйрене алатын боласыз. Журналистика курсы арқылы ел алдында өзіңізді еркін ұстауды, телеэфир тілінің шеберлігін және дикторлық шеберлікті үйрене аласыз. Практика ретінде телеарнада қызмет ету мүмкіндіктеріңіз де болады.

Толық курс – 10 ай. Теория – 8 ай, практика – 2 ай. Журналистиканың барлық жанрын үйренуге мүмкіндігіңіз бар.
Байланыс номері: +7 707 382 95 82

Қалт жібермей, бізбен бірге оқыңыздар!

0
0
577

Учебный центр «Жаңа жол» приглашает всех желающих на курсы журналистики

Учебный центр "Жаңа жол" приглашает всех желающих на курсы журналистики.


Вы узнаете о жанрах журналистики, об особенностях работы в сетевых изданиях, вас научат писать статьи, заметки, репортажи и освоите технику речи, приобретите уверенность при публичных выступлениях.

Полный курс – 10 месяцев. 8 месяцев обучения, 2 месяца углубленная практика в СМИ (Средства массовой информации). Практика на телевидении, в изданиях. Более углубленно,  профессионально обучать и помогут собрать свое портфолио.

Наш адрес: Гагарина 93 а
Номер телефона: +7 707 382 95 82

1
0
532