Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Назарбаев университеті — кемел келешектің кепілі

Tengrinews.kz сайты хабарлағандай, 27 мамыр күні Астана қаласында Назарбаев университеті өзінің 3- түлектерін ұшырды. 2010 жылы қыркүйектен бастап өз есігін білім аламын деушілерге айқара ашқан университетті биыл 737 түлек аяқтады. Оның ішінде 499 түлек бакалавр,   229 түлек магистр, 9 түлек PhD  доктор дәрежесін алды. Бұған дейін бұл университетті мыңнан астам түлек тәмамдаған болатын.

Назарбаев университетінің студенті атану кез келген түлек  үшін оңай болмасы анық. Өйткені, өзге мектеп бітірушілер ЖОО-на түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын болса, Назарбаев университетіне түсушілер бірнеше емтихандарды тапсыратын болады. Атап айтатын болсақ, ең алдымен BCEPT емтиханын тапсыру қажет. Бұл емтихан арқылы талапкердің ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігі анықталатын болады. Бұл емтиханнан сүрінбей өткен талапкерлер SET емтиханын тапсыратын болады. Бұл емтиханды талапкерлер өзінің таңдаған саласына сәйкес ағылшын тілінде тапсыратын болады. Сүрінбей өткендердің алдында халықаралық IELTS емтиханын тапсыру міндеті тұр. Емтиханнан сәтті өткендер ғана Назарбаев университетінің студенттері атана алады. Егер жыл сайын бұл университетке түсу үшін 10000-дай адам ұсыныс білдіретін болса, олардың тек қана 500-600-і ғана осы университеттің студенті атана алады.

Жалпы, университет қоғамға қажетті барлық сала бойынша мамандарды дайындайды. Оның ішінде инженерия мектебі, ғылым және технология мектебі, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі бар.

Назарбаев университеті – еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білім ордаларының бірі де бірегейі. Бұл оқу орнын аяқтаған түлектердің еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосарына сеніміміз мол.

 
1
0
573

Осы тақырып бойынша

Назарбаев университеті — кемел келешектің кепілі - Yvision.kz