Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек министрі инвестициялық климатты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы Америка сауда палатасының сыйлығына ие болды. 2017 жылы аталған марапат инвестициялық ахуалды жақсартқан тұлғаларға табысталды.

Америка сауда палатасының сыйлығы экономиканың саналуан саласындағы ұйымдар мен жеке тұлғаларға жыл сайын беріліп келеді. Сонымен қатар, Қазақстанды өркендетуге қосқан айтарлықтай үлесі үшін «Қазақстандағы Америка сауда палатасының құрметті аталымы» дербес тартуы тапсырылуда.

Палатаның сыйлығын әр жылдары бұрынғы ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова, ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко және басқалары алған.

0
0
330

Осы тақырып бойынша

Еңбек министрі инвестициялық климатты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды - Yvision.kz