Өткен күндер бейнесі
Ұстаздардың тамыз кеңесі өтетін күн жақындаған сайын тұла бойымда қорқыныш пен жасқаншақтық деген жаман әдет пайда болғанда өзіме сауал қойып, «Неге қорқасың, жұрттың алдында ант беретін жалғыз сен бе? Өзіңдей бірнеше жастар болады емес пе! Қарашы әне, Ғазизды керісінше ол іштей қуанып, ұстаздар конференциясының тезірек болуын армандап, мектепке жолдама алып, сабақ беруді тағатсыздана күтіп жүр. Ал, сен болсаң оқытушы болмай жатып, көпшіліктің алдына шығуға әлден ат-тоныңды ала қашқың келеді. Егер бойыңды билеген батылсыздық пен жалтақтықтан арылмасаң жақсы ұстаз болам деп ойлама», - деген ойлардың тереңіне батып, өзімді жігерлендіріп қойдым. Сөйтіп, қолыма халыққа білім беру бөлімінің бізге жауапты әдіскері сала құлаш жазып берген антты жаттауға кірісіп кеттім. Артынып-тартынып күткен мұ…