Мазмұнға өту

Жаңа

Татулықтан үлкен бақыт жоқ!

Бірлікті көп айтамыз. Бірақ, отбасы тірлігінде бірліктің заңдарын жиі бұзып жатамыз. Нәтижесінде, бүтін отбасыға сызат түсіп, соңы шайқалып, ыдырап жатады. Бұлай кете берсе, отау тігіп, қосылғандардан ажырасқандар саны асып кетеді-ау... Мемлекет те сол, тұрғындары бір-бірімен тату болмаса, бір сәтте іріп кетеді. Одан ешкім ұтпайды. Ел де, Елбасы да! Оған ешкім мүдделі емес, әрине. Бірақ, арамызда жамандықты аңсап, «теріс» жолды насихаттап, тарататын «мысық» тілеулер жоқ емес. Оларды, қазір «арандатушылар»деп жақсы айтып жүр. Олар көбіне, «маскамен»жүреді. Ұлт, Алаш сынды нәзік құндылықтарды жамылып алып, ұрады кеп. Бастапқыда байқамай, жанашырлық деп қабылдап қалуың мүмкін. Бірақ, соңы шикі боп шығады. Сананы улайтын осындай «псевдо» адамдардан бойларымызды аулақ ұстайық! Ал, қалғаны бола…

1
0
295

Масқара-ай: ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызыпты. Дереккөз: NUR.KZ порталы

Шараны тамашалауға келген азамат ЭКСПО аумағында видео түсіргені үшін күзетшінің қаһарына ұшырады. «За тебя Баке» парақшасын аталған видеоны жариялап, жұртшылық төбелеске дайын күзетшіні сынға алды.

«Астананың сыпайы күзетшілері» деген роликте күзетші видео камерасын қосқан келушілерге: «Сендер біздің территорияны түсірдіңдер, жүріңдер» деп белгісіз жаққа шақырады. «Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңызшы, кім екеніңізді?», - деген сұрағы үшін күзетші «басымды қатырма» деп жұдырығын ала жүгіріп, қонақты балағаттай жөнелді.

1
0
461

Бірліктен артығы жоқ

Кез келген елдің, мемлекеттің берік тірегі ол - БІРЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар демейді ме, егер өзімізбен өзіміз бет жыртысып, жағадан алып, айтысып, тартысып жатсақ, онда береке болмайды. Мың жерден алып империя болсаң да, бір күні құлдырайсың, құлайсың! Сондықтан мықты ел болу үшін, берік мемлекет болу үшін алдымен сол елдің ынтымағы керек. Ынтымақ бар жерде ғана береке болады.Береке - бақыттың бастауы. Ертең ұрпаққа тәуелсіз ел, дамыған мемлекет, қуатты ұлты сыйлаймыз десек барлық Қазақстан азаматтары тату болғанымыз абзал. Сонда ғана болашағымыз жарқын, алдымыз ашық болады. Қазіргі уақытта, бәрі бар. Бірақ, адамға, бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен жылулық жетіспейді. Сондықтан, өз-өзімізге құрметпен қарап, бес күн өмірде ауызбіршілікте болайық! Елге бұдан артық бақыттың кере…

1
0
552

Көлік сатып аламын!

6 сыныпта көлік руліне алғаш отырып, бензовозбен жүк машинасының ағаш кузовын қиратқанмын. Одан кейін "Урал" мотоциклімен бұзау қағып, пышаққа іліндірдім.Трактормен бір рет электр бағанын қисайтып, бір рет гараж қақпасын майыстырдым.Жолаушы ретінде бірнеше шағын апаттарды санамағанда, 1991 жылы қарсы келе жатқан көлікке соғысып шашылып қалған "Раф" микроавтобусының қирандысының астынан періште қағып бәйбішем екеуміз аман шықтық. Содан кейін "көлік жүргізу" менің қолым емес екен деп шешкенмін.. Кейін ұлдар өздері алды, бірақ бізді қыдыртуға жұмыстан қолдары босай бермейді. Немерем есін білгелі "Апам үшеуміз бір машина алайық"-деп мазалап жүр.. Зерттеп көрсем, мен секілді дәруішке ең қолайлысы "Тойота-Тундра" көлігі екен. Жол талғамайды. Иә, бағасы қымбаттау, есесіне қарсы келген анау-мынау…

0
0
932

Жаңғырту 3.0. Үшінші жаңғыру Қазақстанға қандай өзгеріс алып келеді

Қазақстанның бірінші жаңғыруы өз алдына жеке мемлекет құруында болды, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңін қамтыды. Екінші жаңғыру Қазақстан – 2030 стратегиясын қабылдау, ел ордасын Астана қаласына ауыстыру болды. Екінші жаңғыру кезеңінде Қазақстан экономикасы артта қалған санаттан шығып, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды. Ал үшінші жаңғыру алдыңғы екі қадамның жалғасы болмақ. 2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасымен қабылданған «Жаңғыру 3.0» жобасының мақсаты – бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы 30 елдің санатына қосылуға мүмкіндік беретін экономикалық дамудың жаңа моделін ұсыну. Бүгінде технологияға тиісті бағасын бермесек ұтыларымыз анық. Заман ағымына ілесіп, күнделікті жаңартып отырмасақ, бүгінгі жаңа технологиямыз ертеңгі күні ескіріп қалуы әбден мүмкін. Екін…

0
0
6336

Полицейдің күдіктіге қол жұмсауы дұрыс па?

Полиция ғана емес, жалпы құқық қорғау қызметкерлері (сот, прокурор) ешқандай жағдайда эмоцияға берілмеуі тиіс.Оқу орнында заңды қалай оқытса, олар дәл солай психологиялық дайындықтан өтеді.Эмоцияға берілсе, кәсіби дайындығы ноль деген сөз.Ертең сені ұрмасына кепіл жоқ.Заңнамада көрсетілген "Аффект жағдайы" (жүйкеге түскен салмақтан аз ғана сәтке сананың тұмандануы) мынау полиция қызметкеріне жүрмейді. Қылмыскерді сотсыз жазалау мүмкін болса, 70 млн адамның ажалына себепкер болған нацистерді сотқа тартқан атақты "Нюрнберг процесі" болмас еді. Оны түсіну үшін заңгер болудың қажеті шамалы, тек 9-сыныпқа арналған "Адам. Қоғам. Құқық" оқулығын парақтап шықсаңыздар жеткілікті. Жазаны сот, тек қана сот тағайындауы тиіс (Кінәсі дәлелденсе, паршалап турап тастаса да). Сол секілді күдіктіге қол жұм…

0
0
550

«Білім-Ғылым-Өндіріс» үштағаны

Біздің министрліктің Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобасы қазақстандық ғалымдар мен бизнесмендерге инновациялық ғылыми жобаларын коммерцияландыру бойынша қолдау көрсетпек. Елімізде ғылыми қызметтің нәтижесін коммерцияландыру деңгейі әлі де жоғары емес, бүкіл қолданбалы зерттеулерге шаққанда 3,5% ғана. Ал өзің ашқан ғылыми жаңалықты өндірісте пайдалану импорт алмасу процесіне және экономиканы нығайтуға жағымды әсер етеді. Мемлекет те қолданбалы ғылымның дамуына жағдай жасауға және ғалымдардың өндіріспен тығыз байланыста болуын ынталандыруға мүдделі. Бұрынғы жазбаларымыздың бірінде Ғылым қорының ғалымдар мен кәсіпкерлердің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру мақсатымен гранттық қаржыландыруы туралы жазған болатынбыз https://www.facebook.com/edugovrk/posts/…

0
0
637

2017 жылғы шілденің 21-нен бастап 27-сін қоса алғандағы кезең ішінде

1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 132 нормативтік құқықтық акті тіркелді;

2. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 3297 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;

3. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 153 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды.

0
0
275

Акция «Біз адалдықты таңдаймыз!» продолжается!

Акция «Біз адалдықты таңдаймыз!» продолжается!

28 июля 2017 года Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Западно-Казахстанской областина базе туристического оздоровительного комплекса «Самал» совместно с областным ресурсным центром по работе с молодежью была организована акция «Біз адалдықты таңдаймыз!».

Основной целью данной акций является формирование антикоррупционной культуры, воспитания патриотических чувств и призыв молодежи к честности и справедливости.

В рамках акции специалистами ресурсного центра был организован тренинг «Кто сильный, кто слабый?». По окончаний акций участниками для передачи эстафеты другому лагерю, были сделаны бумажные самолетики с пожелания и выпущены в небо.

0
0
435

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

2017 жылдың 28 шілдеде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Самал» туристік сауықтыру кешенінде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп лагерь демалушыларына «Біз адалдықты таңдаймыз!» атты акция ұйымдастырды.

Аталған акцияның басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында ресурстық орталық мамандарымен «Кім күшті, кім әлсіз?» атты тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, акция соңында жастар қағаз ұшақтарға өз тілектерін жазып, акция эстафетасын басқа лагерьлерге жолдады.

0
0
409