Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Татулықтан үлкен бақыт жоқ!

Бірлікті көп айтамыз. Бірақ, отбасы тірлігінде бірліктің заңдарын жиі бұзып жатамыз. Нәтижесінде, бүтін отбасыға сызат түсіп, соңы шайқалып, ыдырап жатады. Бұлай кете берсе, отау тігіп, қосылғандардан ажырасқандар саны асып кетеді-ау...

Мемлекет те сол, тұрғындары бір-бірімен тату болмаса, бір сәтте іріп кетеді. Одан ешкім ұтпайды. Ел де, Елбасы да! Оған ешкім мүдделі емес, әрине. Бірақ, арамызда жамандықты аңсап, «теріс» жолды насихаттап, тарататын «мысық» тілеулер жоқ емес. Оларды, қазір «арандатушылар»деп жақсы айтып жүр. Олар көбіне, «маскамен»жүреді. Ұлт, Алаш сынды нәзік құндылықтарды жамылып алып, ұрады кеп. Бастапқыда байқамай, жанашырлық деп қабылдап қалуың мүмкін. Бірақ, соңы шикі боп шығады.  Сананы улайтын осындай «псевдо» адамдардан бойларымызды аулақ ұстайық! Ал, қалғаны бола жатар. Алда, жаз. Жаманға еріп, сан соғып қалмайық!

 
1
0
255

Осы тақырып бойынша

Татулықтан үлкен бақыт жоқ! - Yvision.kz