Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Масқара-ай: ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызыпты. Дереккөз: NUR.KZ порталы

Шараны тамашалауға келген азамат ЭКСПО аумағында видео түсіргені үшін күзетшінің қаһарына ұшырады. «За тебя Баке» парақшасын аталған видеоны жариялап, жұртшылық төбелеске дайын күзетшіні сынға алды.

«Астананың сыпайы күзетшілері» деген роликте күзетші видео камерасын қосқан келушілерге: «Сендер біздің территорияны түсірдіңдер, жүріңдер» деп белгісіз жаққа шақырады. «Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңызшы, кім екеніңізді?», - деген сұрағы үшін күзетші «басымды қатырма» деп жұдырығын ала жүгіріп, қонақты балағаттай жөнелді.

 
1
0
405

Осы тақырып бойынша

Масқара-ай: ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді - Yvision.kz