Полицейдің күдіктіге қол жұмсауы дұрыс па?
Полиция ғана емес, жалпы құқық қорғау қызметкерлері (сот, прокурор) ешқандай жағдайда эмоцияға берілмеуі тиіс.
Оқу орнында заңды қалай оқытса, олар дәл солай психологиялық дайындықтан өтеді.
Эмоцияға берілсе, кәсіби дайындығы ноль деген сөз.
Ертең сені ұрмасына кепіл жоқ.
Заңнамада көрсетілген "Аффект жағдайы" (жүйкеге түскен салмақтан аз ғана сәтке сананың тұмандануы) мынау полиция қызметкеріне жүрмейді.
Қылмыскерді сотсыз жазалау мүмкін болса, 70 млн адамның ажалына себепкер болған нацистерді сотқа тартқан атақты "Нюрнберг процесі" болмас еді.
Оны түсіну үшін заңгер болудың қажеті шамалы, тек 9-сыныпқа арналған "Адам. Қоғам. Құқық" оқулығын парақтап шықсаңыздар жеткілікті.
Жазаны сот, тек қана сот тағайындауы тиіс (Кінәсі дәлелденсе, паршалап турап тастаса да). Сол секілді күдіктіге қол жұмсаған полиция қызметкері де заңда көрсетілгендей кінәні жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, жазаға тартылуы тиіс. Егер осы жолы ол жазасыз кетсе, ерте көшеде абайсызда түкіргеніңіз үшін дәл сізге немесе достарымен аулада отырып, қаттырақ күлген балаңызға қол жұмсауы мүмкін..
Сіздің фейсбукті үйренгеніңіз, сіздің сауатыңыз бар дегенді білдіреді..
Олай болса, қарапайым тұрғындарға "Кінәсіздік презумпциясы" деген ұғымды түсіндіріңіздер...
Сезім жетегінде кетпей, заңды құрметтеуді үйренейік.
Бәріміз эмоцияға беріле берсек, еш уақытта Азаматтық қоғам құра алмаймыз.
