Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

2017 жылдың 28 шілдеде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Самал» туристік сауықтыру кешенінде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп лагерь демалушыларына «Біз адалдықты таңдаймыз!» атты акция ұйымдастырды.

Аталған акцияның басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында ресурстық орталық мамандарымен «Кім күшті, кім әлсіз?» атты тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, акция соңында жастар қағаз ұшақтарға өз тілектерін жазып, акция эстафетасын басқа лагерьлерге жолдады.

 
0
0
368

Осы тақырып бойынша

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда! - Yvision.kz