Мазмұнға өту

Жаңа

Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң жобасы Сарайшықтан көшіріліп алғынғанын білесіз бе?!

Иә, таң қалмаңыз, кешегі күнге дейін біз тек далалықтармыз, қазақтарда қала мәдениеті болған жоқ деген жалған түсінік болып еді. Әрине, олай еместігіне өз басым жақында тағы да көз жеткізген едім. Қала мәдениетіне тән заттарды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен көреміз ғой, ал атын бұрыннан естіп жүрген Атыраудағы Сарайшықты көру ерекше әсер қалдырды. Расында, бұл бір керемет тарихи құнды жәдігерлерге толы мекен екен. Атам қазақ айтпақшы, «көп естігеннен бір көрген артық» демекші, өткен аптадағы қоғам және мемлекет қайраткері Рашила Мұрсалиеваның мерейтойы кезінде қаладан 50 шақырымдай қашықтықтағы Сарайшық қаласына да жол түсіп еді. Жалпы, Астананы бас қаламыз, Алматыны тәуелсіздігімізді таныған астанамыз десек, Атырауды мұнайлы астанамыз деп нақтыласақ қате болмас, ал Сарайшықтың мұнайлы…

0
0
4037

Сөз зергерлері арқа жерінде

Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға шахтер шаһарының көрікті жерплерін көрсетті. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.Аслан ҚажиевIT…

0
0
927

Арқа төсінде жалынды журналистер бақ сынасты

Құшағыгда құт дарыған Қарағанды төсінде Е. А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінде Х дәстүрлі олипиада болып өтті. Сайысқа он алты команда қатысты. Алғашқы кезең "телевизия және дәуір" атты бейнесюжет пен таныстыру болса, ал екінші тур эсселер байқауы. Үзілісте Қарағанды қаласын таныстру мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Келесі күні қатысушылар негізгі журналистика пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Олимпиаданың соңғы туры жедел ақпарат сайысы болды.

0
0
227

Болашақ журналистер Сарыарқа төрінде бақ сынады

Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 18 жоғары оқу орнынан 48 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті. Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видеоларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.Олимпиаданы Қарағанды университетінің ф.ғ.д., профессоры Асанов Қойлыбай ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушыларды Қарағанды қаласын аралатып, көрікті жерлердің тарихымен таныстырды. Студенттер бір-бірімен етене араласып, достасып үлгерді. Қарағанды қаласын аралап болған соң, «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихы» мұражайына жол тартты. Құшақ жая қарсы алған ҚарМу ұйымдастыру…

0
0
429

Болашақ журналистер бақ сынауда

Ф.ғ.д., профессор Асанов Қ.Д. кіріспе сөз сөйлеп, олимпиаданың ашылу салтанаты университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалпы білім бәйгесіне Республика бойынша он бес жоғары оқу орнынан журналистер қатысып, бақ сынауда.

Болашақ журналистер алдымен бас оқу ғимаратында орналасқан « Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихы» мұражайына саяхат жасап, университеттің тыныс тіршілігімен танысып шықты.

Айта кетейік 60 жылдық тарихы бар осынау айтулы университет былтыр Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен ІХ Республикалық журналистер олимпиадасында 1-ші орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қарағандыда өткізу құқын жеңіп алған болатын.

0
0
582

Қарағандыда олимпиада өтті

Жыл сайынғы ЖОО арасындағы журналистердің Xреспубликалық пән олимпиадасы 29-30 наурыз аралағында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті. Олимпиадаға жалпы саны 16 команда қатысты. Еліміздің белді оқу орындарынан келген болашақ журналистердің білімі мен білігін анықтауға бағытталған сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар олимпиаданың алғашқы күні таныстыру және эссе жазу бойынша бақ сындады. Олимпиада тақырыбы Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай «Теледидар және дәуір» болды. Командаларға әділ баға беруге БАҚ саласының майталмандары жиналды. Университет ұжымы олимпиада қатысушыларына қаланың көрікті жерлерін аралатты. Студенттер қонақтарға арнап жырдан шашу шашып, көңілді кеш сыйлады. Сайыстың екінші күні мамандыққа арналған пәндер бойынша тест тапсырмалары орындалд…

0
0
294

Кенші жеріндегі ең алғашқы дода

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика пәні бойынша Х республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ЖОО студенттері келді. Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған журналистер додадасына биыл студенттер ерекше көп жиналды. Республика бойынша барлығы 48 қатысушы бақ сынауда. Шараның шымылдығын ф.ғ.д., профессор Қойлыбай Асанов ашып берді. Содан соң ҚарМУ-дің филология факультетінің деканы, ф.ғ.д. Мұхамедқали Ілиясұлы мен облыстық «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күн бойы болашақ журналистерге телевизия, газет, интернет-журналистика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп жүрген білікті журналистер әділ қазылық етеді. Атап өтер болсақ, облыстық «Saryar…

0
0
637

Рекс Тиллерсонның жаңа қызметі

Ақордадағы кездесу

Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Тиллерсонға:

- Естуім бойынша, президент Трамп екеуіңіз тіл табыса алмапсыз... Сізге стратегиялық даму және жаңғыру жөніндегі менің кеңесшім болуды ұсынғым келіп отыр.

Фото: Ақорда. Ақпараттық себеп: менің қиялым.

Дегенмен, мұндай жайттың өңімде болуы әбден мүмкін ғой?! Шетелдік мамандардың "қолдауына" жиі жүгінденді біз жақсы көреміз: мысалы, отандық БАҚ-қа сенсек, еліміздің латын әліпбиіне көшуін Литва депутаттары қолдайды, Вашингтонның қатардағы тұрғындары сыртқы саяси бастамаларымызға жоғары баға береді, ал Грузияның саясаттанушылары Елбасының институционалдық реформаларына таңдана қарайды екен...

0
0
666

Өмір өзі, қилы жолдар... (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий

Бейнематериал авторы – Набиева Айбегим

Жамгырбек кызы Айдай

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өмір өзі, қилы жолдар,

Шатпақ-шұтпақ тағдырлар.

Барма екен, ақыл айтар,

Сары мұңды, тоқтатар.

Сұрамастан зырылдаған,

Күндерімді, қайтейін.

Сан ойлардан, шығартпаған,

Көңілімді, қайтейін.

Сыбырлаған, еске салып,

Самал желді, қайтейін.

Ұмытылмас, дертке салып,

Тұрған ойды, қайтейін.

Айлы түндер, ұйықтамаған,

Бұл жалынды, қайтейін.

Еске салып, мазалаған,

Бұл аңсарды, қайтейін.

Жұлдыз болып, жымыңдап,

Тұрғандайсың алыстан.

Сол аспаннан, қалқалап,

Тұрғандайсың жаманнан.

Бұл тағдырды, қайтейін,

Бос орныңды сипатқан.

Қилы жолды, қайтейін,

Алыс сапар сыйлаған.

1
0
1155

Жаңа алфавитке байланысты бір пікір

Латын әріптері негізінде енгізілген жаңа алфавитке көшуді алғашқыда біз де қолдамақшы едік. Алайда айқын кемшіліктерге байланысты бір-екі тілегімізді айта кетуді жөн көрдік. Ғылым мен техника саласында еңбек етіп жүргендіктен, өндірістік тәжірибеден туындаған пікірлерді ортаға салғымыз келді. Алғашқы нұсқадағы кириллицадағы [Ж] әріпін (дыбысты)-латыншада [Zh] диграфымен өрнектеген дұрыс еді, деген шешімге келдік. Себебі кейінгі қабылданған нұсқадағы [J] әрпі көптеген әлемдік дамыған елдерде (ағылшын тілінде) {Дж} деген дыбысты береді. Ғылымда, техникада аса кең тараған Джоуль өлшем бірлігі осының дәлелі. Жасалған жұмыстың өлшем бірлігі. Кириллицадағы [Ж] дыбысты латыншада [Zh] - пен жазу ағылшын тілінде өте кең тараған. Әлемде текстіні компьютер, интернет арқылы on line режимде аударатын…

2
1
2554