Кенші жеріндегі ең алғашқы дода
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика пәні бойынша Х республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ЖОО студенттері келді. Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған журналистер додадасына биыл студенттер ерекше көп жиналды. Республика бойынша барлығы 48 қатысушы бақ сынауда. Шараның шымылдығын ф.ғ.д., профессор Қойлыбай Асанов ашып берді. Содан соң ҚарМУ-дің филология факультетінің деканы, ф.ғ.д. Мұхамедқали Ілиясұлы мен облыстық «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күн бойы болашақ журналистерге телевизия, газет, интернет-журналистика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп жүрген білікті журналистер әділ қазылық етеді. Атап өтер болсақ, облыстық «Saryar…