Телевизиялық зорлық-зомбылықтың жасөспірімдерге әсер ету факторы
Аңдатпа: Мақалада БАҚ арқылы көрсетілетін негативті ақпарат пен телевизиялық зорлық-зомбылық еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа әсері туралы баяндалған.Түйін сөздер: зорлық-зомбылық, теледидар, шындық, аудитория, БАҚ.Адамзат тарихында ақпараттық процестердің адам өмірінің барлық салаларына әсері орасан зор болды. Тұлғаның қалыптасуында үлгі-өнегенің алатын орны ерекше екені белгілі.Бүгінгі күні теледидарлық бейнелер, мінез-құлық және қарым-қатынас үлгілері психологиялық тұрғыдан ең маңызды болып табылады, өйткені олар әрқашан эмоционалды әсер береді. Сондықтан да жастарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші рөлін мойындау керек.Бұқаралық ақпарат құралдары, ең алдымен, теледидар мен ғаламтор бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеумен шын мәнінде де айналысады. Бірақ бүгінде осы электро…
