Мазмұнға өту

Жаңа

Менингиттің алғашқы белгілері және олар анықталған кезде не істеу керек

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар мен ата-аналарға менингит ауруларының маусымдық өсуі туралы ескертті, сондай-ақ аурудың жалпы симптомдарын еске түсірді және қала тұрғындары өздерін қорғау үшін қандай шаралар қолданылуға тиіс екендігін ескертті.Менингококктік инфекциясы - бұл өткір жұқпалы ауру, назофарингит (мұрын шырышты қабығының қабынуы және фармакс), менингит (мидың қабынуы) мен менингококктивті сепсисуден (қан улануынан) көптеген түрлі клиникалық бактериялардан туындаған өткір жұқпалы ауру.Менингит белгілері:- Менингит кенеттен басталуымен сипатталады: кенеттен бас ауыруы, құсу, 6-15 сағат ішінде бөртпе пайда болуы, температура 39-40 ° C-қа жетеді, тоңғақтық пайда болады. Тері бозғылт тартады.- Адамда әлсіздік пайда болады, арқа мен аяқтың ауыруы сезіледі.- Ауруға шал…

0
0
2145

Қазығұрттық жасөспірімдердің тарихи-танымдық саяхаты

Қазығұрттық жасөспірімдердің тарихи-танымдық саяхаты Қазығұрттық жасөсіпірімдер Отырар көне қаласының орнында30 мамыр күні Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен, Қазығұрт Жастар Ресурстық Орталығы және Қазығұрт Аудандық Туристер Станциясының белсене қатысуымен, «Рухани жаңғыру» жобасы аясында және 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне орай, өлкенің киелі және тарихи орындарын насихаттау мақсатында жастар мен жасөспірімдердің Әл-Фараби музейі-«Отырар» қорық-мұражайы-Арыстан баб кесенесі-«Әзірет сұлтан» қорық-мұражайы бағытымен тарихи-танымдық туристік саяхаты өтті. Фотосетке кезек берсек:Жасөспірімдерді Отырар қорық-мұрайжайының экспонаттары көп қызықтырдыСаяхатқа қатысушылардың назарын Әзірет сұлтан қорық-мұражайы мен көне Яссы қаласының орнындағы жәдігерлері ерекше қызықты…

1
0
1671

«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

Ағымдағы жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысында республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру. 2018 жылдың 4 маусымда марафон эстафетасын Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламанов Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшинге салтанатты түрде табыстады. Шараға аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, жастар бірлестіктері және ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.Шара барысында автошеру, велошеру және флэшмобтар ұйымдастырылып, марафон эстафетасы аудандардан келген белсенді жастардың автошеруімен және концерттік бағдарламасымен жалғасты.Марафон эстафетасы белгіленген кестеге сәйкес Батыс Қазақстан…

0
0
435

Бас Мүфти Астанада тұрмысы төмен отбасыларға ауызашар берді

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берді. 800 жанға арналып жайылған ақ дастархан басына Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар, Қарттар үйінің ардагер ақсақалдары мен Балалар үйінің тәрбиеленушілері, түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, ұстаздар қауымы мен журналистер, зиялы қауым өкілдері мен мұсылман мемлекеттерінің елшілері және ҚМДБ қызметкерлері мен мешіт жамағаты шақырылып, Бас мүфтимен бірге ауыз ашып, берекелі отырысқа қатысып қайтты.Берекелі Рамазан дастарханы аясында қасиетті Құран аяттары оқылып, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген тағылымды уағыздар айтылды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бүгінгі ауызашар дастарханына жиылған жамағатқа өз алғысын білдіріп, Алла Тағала құзырында дәрежесі ерекше болған…

0
0
370

Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі

«Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі. Заң жобасы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қабылданды.Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бағалауды жүргізудің механизмдері сипатталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыруды бақылау және нәтижелерін бағалау ережелері пысықталуда.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау дегеніміз – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асырудан алынған нәтижелерді талдау. Ол жобаның тиімділігін анықтау, тұрғындардың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Бағала…

0
0
419

Ауқымды шаралардың он күндігі

Мемлекетіміздің рухани тірегі болған дәстүрлі діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Дін атын жамылған жат ағымдарды ажырата білуге және дәстүрлі емес діни ағым идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған шаралар елордада өз жалғасын тауып, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының жоспарлы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 4-14 маусым күндері аралығында Республикалық және Астана қаласы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен ауқымды шаралардың он күндігі аясында кездесулер өткізілуде. Осындай мақсатпен, 2018 жылдың 4 маусым күні «Big Шанхай», «Көк базар» сауда кешені қызметкерлерімен жән…

0
0
261

Діни бірлестік өкілдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1997 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі.Бұл күні елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына дұға бағыштау, қаза болғандарды еске алуға арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі сияқты көптеген іс-шараларды өткізіледі. Еліміздің барлық мешіттерінде репрессия құрбандарын еске алу мақсатында жұма уағыздары оқылды. Бүгін кешкі ауызашар уақытында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналып дұға оқылады. Сол бір зұлмат жылдарда жазықсыз қаза болғандарға арналып Қазақстанның Православие Шіркеуінің барлық ғибадатханаларында еске алу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Католик Шіркеуі мен…

0
0
361

Серікбай қажы Ораз Мәскеуде Ресей мүфтиімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.Сапардың бірінші күнінде еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.Кездесу барысында көршілес елдердің рухани-мәдени, діни саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Қазақстан мен Ресей мұсылмандары Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың нығайып келе жатқандығы айрықша аталды. Тараптар әңгіме барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен наурыз айында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы пікір алмасты. Серікбай қажы Ораз аталған халықаралық форум Орталық Азия мен Еуразия елдерінің дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеп,…

0
0
551

Террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігі айрықша бақылауда

Елорда әкімдігінде Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Идрисовтың төрағалығымен террористік тұрғыда осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының және күштік құрылымдардың, террористік тұрғыда осал нысандардың және жекеменшік күзет ұйымдарының басшылары, сауда ойын сауық нысандар басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты.Тараптар Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында елорда халқының және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айрықша маңыздылығын атап өтті.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі Владимир Максименко, террористік тұрғыда осал нысандарды тексеру қорытындысы бойынша олардың инженерлік қорғанысына, басшылық пен қызме…

0
0
380