Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Діни бірлестік өкілдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1997 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі.

Бұл күні елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына дұға бағыштау, қаза болғандарды еске алуға арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі сияқты көптеген іс-шараларды өткізіледі. Еліміздің барлық мешіттерінде репрессия құрбандарын еске алу мақсатында жұма уағыздары оқылды. Бүгін кешкі ауызашар уақытында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналып дұға оқылады. 

Сол бір зұлмат жылдарда жазықсыз қаза болғандарға арналып Қазақстанның Православие Шіркеуінің барлық ғибадатханаларында  еске алу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ,  Католик  Шіркеуі мен Синагога дінінің өкілдері де саяси репрессияға ұшырап қаза болғандардың рухына арнап дұға бағыштады.

Бұдан бөлек, осы күні қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды кешеніне барып, гүл қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, осынау еске алу шараларына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты Департаментінің қызметкерлері де қатысты.

#cipr

#ciprastana

КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Телефон доверия: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

0
0
331

Осы тақырып бойынша

Діни бірлестік өкілдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды - Yvision.kz