Әлеуметтік желідегі және Интернеттегі зұлымдық
Бүгінгі таңда радикалдардың әсіресе Интернет, әлеуметтік желілер арқылы таратқан жалған уағыздарының ақпараттық әсерінен көптеген адамдар сананың деформациясына ұшырауда, олардың аздаған пайызында мемлекетке деген әлеуметтік сенімі төмендеп, патриоттық пен ынтымақтастық сезімдері жойылып, құндылық туралы түсініктері мен этикалық нормалары өзгеріде. Осылайша, радикалды топтардың идеологтары қоғамда, дінге сенушілер арасына жік түсіруге тырысуда.Радикалды топтар дін мен оның құндылықтарын жамылып, дінді өздерінің саяси мақсаттарына пайдалана отырып адамзат қоғамында жеккөрушілік пен араздықты тудыруда, әлемде зорлық-зомбылық орнатуда.Бүгінгі таңда Интернет және әлеуметтік желілер осы радикалдардың қолындағы қуатты құралға айналды. Әсіресе бұл жағдайда ең осал топ – жастар.Деструктивтік ағым…