«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны
Ағымдағы жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысында республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.
Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.
2018 жылдың 4 маусымда марафон эстафетасын Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламанов Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшинге салтанатты түрде табыстады.
Шараға аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, жастар бірлестіктері және ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында автошеру, велошеру және флэшмобтар ұйымдастырылып, марафон эстафетасы аудандардан келген белсенді жастардың автошеруімен және концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Марафон эстафетасы белгіленген кестеге сәйкес Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарында және Орал қаласында өтетін болады.
