Террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігі айрықша бақылауда
Елорда әкімдігінде Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Идрисовтың төрағалығымен террористік тұрғыда осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының және күштік құрылымдардың, террористік тұрғыда осал нысандардың және жекеменшік күзет ұйымдарының басшылары, сауда ойын сауық нысандар басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Тараптар Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында елорда халқының және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айрықша маңыздылығын атап өтті.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі Владимир Максименко, террористік тұрғыда осал нысандарды тексеру қорытындысы бойынша олардың инженерлік қорғанысына, басшылық пен қызметкерлердің террористік сипаттағы қауіп туындағанда немесе қылмыс жасалғанда бірінші кезекте жасалатын іс-әрекеттерге дайындығына қатысты бірқатар кемшіліктер барын айтты.
Сонымен қатар, шара барысында әр жылдарда шетелдерде жасалған террористік шабуылдардың қалай жасалғаны, қандай нысандарға және неге тура осы нысандарға шабуыл жасалғаны туралы және шабуыл жасаушылар қандай әрекеттер жасағаны туралы бейнероликтер көрсетілді.
«Сіздер өздеріңізге тиесілі нысандар мен сауда ойын-сауық орталықтарында бірінші кезекте дауыс зорайтқыш дабылдың істеп тұрғанын тексергендеріңіз жөн және террористік шабуыл бола қалған жағдайда қызметкерлеріңіз қандай іс-әрекеттер жасалуы керектігін білуі тиіс. Бірден 102, 112 номеріне хабарласуы қажет. Барлық қосымша сыртқа шығу есіктерін ашу, арнайы қызмет өкілдері келгенше адамдарға көмек көрсету және сыртқа шығарып қана қоймай оларды қауіпсіз жерге апару. Ең бастысы қырағылық танытып, бос жатқан сөмке, жәшікті көзі шалса ашпай, арнайы қызметке хабар беру. Біз қызметкерлерді оқытуға дайынбыз», - деді «NC сервис» терроризмге қарсы оқыту орталығының өкілі Нариман Сұлтанғазинов.
Кеңес қорытындысы бойынша, террористік тұрғыда осал нысандардың және жекеменшік күзет кәсіпорындарының басшыларына заңда қарастырылған шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен бірге, кәсіпорын иелері мен құрылтайшыларына қызметкерлер мен келушілердің өмірі мен денсаулығы үшін қатаң жауапкершілік жүктелген.

#cipr
#ciprastana
КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"
Контакты: 8 7172 55 04 42
Телефон доверия: 2288
Web сайт: www.religii.kz
Instagram: cipr_astana
