Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауқымды шаралардың он күндігі

Мемлекетіміздің рухани тірегі болған дәстүрлі діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе.

Дін атын жамылған жат ағымдарды ажырата білуге және дәстүрлі емес діни ағым идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған шаралар елордада өз жалғасын тауып, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының жоспарлы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 4-14 маусым күндері аралығында Республикалық және Астана қаласы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен ауқымды шаралардың он күндігі аясында кездесулер өткізілуде.

Осындай мақсатпен, 2018 жылдың 4 маусым күні «Big Шанхай», «Көк базар» сауда кешені қызметкерлерімен және «Дәулет» спорт кешенінің жаттықтырушыларымен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері алдын алу жұмыстарын жүргізді. Кездесулерге «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы м.а. – Аташев Айбек Асқарбекұлы, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы – Муслимов Дәурен Мұхаметрахимұлы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы - Агитаев Әділ Сахиұлы және Ислам орталығының Сауат ашу бөлімінің директоры – Қамбаров Руслан Миятбекұлы қатысып, мамандар дәстүрлі діннің өнегелік ұстанымдары, қоғам үшін қауіпті құбылыс болған – діни экстремизмнің мәні, дінге қызығушылық танытатын жұртшылыққа дұрыс ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізетін бұл бағыттағы іс-шаралар одан әрі жалғаса бермек.

#cipr

#ciprastana

КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Телефон доверия: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

0
0
235

Осы тақырып бойынша

Ауқымды шаралардың он күндігі - Yvision.kz