Мазмұнға өту

Жаңа

Мінсіз

Өмірге келген əр адам бақытты болуға лайықты. Тек ол адам өзін бақытты адам ретінде сезіне білсе жақсы. Бірақ əр адамның дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы əр түрлі жəне оны бақылап өзгертуге тырысу мүмкін емес. Ол нəрсені өзгерту сол кісінің ғана қолынан келеді. Ал, біреудің мен сені жөндеймін, кемшіліксіз адам ретінде қалыптастырам деуі бос əурешілік. Барлық нəрсе адамның ниетімен іске асады. Иа, мен де мінсіз болуға тырысамын жəне сол үшін өзімді барынша тəрбиелеп келемін. Мектеп кезінде əсіресе 5-6 сыныпта оқып жүрген кездер болатын. Мен көп боқтық сөз қолданатын едім. Мектепте болмағанымен, басқа уақытта жиі қолданатын едім, əсіресе ашуланғанда немесе жай сөз арасында. Бірақ ер балаларға боғауыз сөз ештеме қылмас деп жүре беріп, оған қатты мəн бермейтін едім. Кейін көп боқтайтынымды…

4
5
735

Қазақстанда 5G байланысына пилоттық тестілеу жүргізіледі

Еліміздегі Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алдағы уақытта 5G ұялы байланыс технологиясына пилоттық тестілеу жүргізу үшін байланыс операторын анықтау жұмыстарын жүргізбек.ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша әлемдік тәжірибеде ұялы байланыс стандарттанының жаңа буыны 10 жыл сайын әзірленіп отырады. Алғашқы 1G стандарты 1981 жылы қолданысқа енсе, 1992 жылы – 2G, 2001 жылы – 3G және 2010 жылдың аяғында – 4G енгізілді. Ендігі кезекте 2020 жылға қарай 5G стандартын енгізу күтілуде. 5G ұялы байланысын Қазақстан Республикасының аумағына енгізу Халықаралық электробайланыс одағының 5G стандартын қабылданғаннан кейін мүмкін болады. 2019 жылы Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласында өтетін Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында осы шешімді қабылдау жоспарланған. Аб…

0
0
849

БҚО-да арнайы мониторингтік тобының мүшелері білім гранттарын бөлуге байқаушы ретінде қатысуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында еліміздің жоғары және арнаулы оқу орындарына арналған білім гранттарын бөлудегі комиссия отырыстарына азаматтардың бақылаушы ретінде тікелей қатысуына мүмкіндік беруде.Жыл сайынғы білім саласына бөлінетін қаражат көлемінің өсуі, қаражаттың дұрыс жұмсалуының ашықтығы мен объективтілігін талап етеді.Осы мақсатта қоғамдық бақылаудың артуы бұл салада сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алудағы басты механизмдердің бірі болатынына сенімді.Батыс Қазақстан облысында 38 колледж бар (мемлекеттік колледждер саны – 27, жеке колледждер –11). Оның 33 колледжі мемлекеттік грант есебінен оқытады (мемлекеттік колледжд…

1
0
390

Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қолайлы инвестициялық климат құру және бизнес-ортаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатыңда жұмыс атқарылуда . Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай…

0
0
321

Сенің досың кім?

Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің деп жатады. Бірақ ұяда көрген тəрбие, барлық жерде пайдаға аспайды. Сондықтан адамды араласатын ортасы тəрбиелейді. Менің ойымша бір адамның ішінде бірнеше мінез өмір сүреді. Өмірдегі түрлі оқиғаларға байланысты адам өзгереді, өзі өзгергесін оның мінезі де өзгереді ол араласатын ортасында өзгертеді. Кейінгі өмірі, өсуі немесе өшуі араласатын ортасымен тікелей байланысты. Бұл ортасы заңсыз істермен айналысып, қараңғылыққа жеткізеді немесе тек сəтті қадамдар мен биіктікке жеткізеді. Əр күні түрлі қылмыстар, жаңалықтар осындай өзін таба алмай жүрген адамдар, достарының ниеттерінің түзу еместігінен алданып қалып, өмірдің қиындықтарына тап болып жатады. Сондықтан менің ойымша, адам үшін араласатын ортасы өте маңызды. Оны дұрыс таңдай білген жөн. Керек болса а…

2
0
2229

Балалар әдебиеті не ұсынады?

Баланың көңілі далада, ананың көңілі балада демекші, жаз басталғанда балам аз болса да дүние жүзі классикасының заманауи аудармасын оқысын деп үш жазушының кітабын алған едім. Бұл кітаптар "Фолиант" баспасы шағырған қысқаша мазмұндағы аудармалар.Мінекей "Оливер Твист". Қазақ тіліне аударған Ж.Игісінов екен, кітап тілі миға өте қонымды, оқуға жеңіл. Балам осы кітапты оқи бастады. Ол қоя қойғанда, қалай екен деп мен де біразын оқыдым. Жоғарғы сыныптарда Оливердің орысша аударылған нұсқасын оқып едім. Қазақ тіліндегі аудармасы да тартымды екен. Тек төменгі сынып оқушыларына арналып қысқа нұсқасы берілген. Әйгілі фантаст Жюль Верннің шығармасы да қалыс қалмаған екен. "Жер кіндігіне саяхат" өзімнің де сүйіп оқыған кітабым еді, бұл кітап та оқушы баланың көңілінен шықты. Шытырман оқиға, географ…

3
1
2250

Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Грищук “Твой Глаза”

Бейнематериал авторы – Ивент Агентство EVENT DELUXE

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді,

Жақсылығын өсіріп, кемін жауып.

Қанат беріп ұшырған, осы күнді,

Самғатыңдар, биікті, талай алып.

Қапаланып жүрмеңдер, кетермін деп,

Ортақ болған сезімнен, себеп іздеп.

“Мынау Тәңірім, жүрсе екен, бізді жебеп”,

Деп ойлаңдар, сезімге, бақыт тілеп.

Екі жарты-бір бүтін, болғайсыңдар,

Нәзік сезім солмаса, жайнайсыңдар.

Шын сүйгендер, бір-бірін, қимайды ғой,

Мынау өмірге, жарты боп, сыймайды ғой.

Егіз аққу болыңдар, көктемді іздеп,

Бақыт гүлін жинаңдар, кең даланың.

Жайнап тұрсын бақтарың, мәңгі гүлдеп,

Бұл-бұл үні сайрасын, көп баланың.

2
1
431

Семинар - кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент), ағымдағы жылдың 2 тамыз күні БҚО Бөкейордасы ауданының мемлекеттік қызметшілерінің арасында семинар - кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесінің жұмысы барысында Департамент өкілі Самат Искалиевпен, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен қызметтік этике талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты негізгі міндеттері бойынша нақты түсінік берілді.

Семинар-кеңес жұмысы соңында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.

1
0
277

Бірлескен семинар - кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент), ағымдағы жылдың 2 тамыз күні Ақжайық ауданының мемлекеттік қызметшілерінің арасында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлескен семинар - кеңес өткізілді.Семинар-кеңесі барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Жұмағазиевамен, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын негізгі талаптар бойынша түсінік берілді.Сондай-ақ, семинар-кеңесі жұмысы барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратовпен мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін арттыруды көздейтін негізг…

1
0
330

«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

Ағымдағы жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысында республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.

Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.

2018 жылдың 02 тамызда марафон эстафетасы Казталов ауданынан Сырым ауданына салтанатты түрде табысталды.

1
0
320