Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да арнайы мониторингтік тобының мүшелері білім гранттарын бөлуге байқаушы ретінде қатысуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында еліміздің жоғары және арнаулы оқу орындарына арналған білім гранттарын бөлудегі комиссия отырыстарына азаматтардың бақылаушы ретінде тікелей қатысуына мүмкіндік беруде.

Жыл сайынғы білім саласына бөлінетін қаражат көлемінің өсуі, қаражаттың дұрыс жұмсалуының ашықтығы мен объективтілігін талап етеді.

Осы мақсатта қоғамдық бақылаудың артуы бұл салада сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алудағы басты механизмдердің бірі болатынына сенімді.

Батыс Қазақстан облысында 38 колледж бар (мемлекеттік колледждер саны – 27, жеке колледждер –11). Оның 33 колледжі мемлекеттік грант есебінен оқытады (мемлекеттік колледждер саны – 27, жеке колледждер саны – 6). 2018 - 2019 оқу жылында облыс бойынша 3500 грант бөлінді.

Орал қаласы және аудан орталықтарындағы арнаулы оқу орындарына оқуға түсу емтихандарына (тест, шығармашылық, әңгімелесу т.б.), білім гранттарын бөлудегі комиссия отырыстарына облыстық, аудандық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, «Нұр Отан» партиясының және «Атамекен» ҰКП филиалдарының өкілдері тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуда.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстарға БАҚ және ҮЕҰ өкілдері де кеңінен тартылуда.

Осы бағыттағы жұмыстарды халық арасында жарықтандыру және қоғам белсенділер кеңінен тарту мақсатында Батыс Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар алаңында арнайы брифинг өткізілді.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар БАҚ беттерінде, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарықтандырылуда.

Облыста білім гранттарын бөлу комиссияларының негізгі бөлігі 2018 жылдың 07 тамыздан басталды. Атап айтсақ, ү.ж. 7 тамызда облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде, 9 тамызда Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде оқуға түсуге арналған кешенді тестілеу жұмыстарына қатысты.

Сонымен қатар, аудан орталықтарындағы арнаулы оқу орындарына оқуға түсу емтихандарына да тәуелсіз бақылаушылар қатысып жатыр.

Әзірге қоғам өкілдері тарапынан қабылдау комиссиясының жұмыстарына кемшіліктер айтылмады.

Сіз ашықтық пен транспаренттілікке және білім саласына бөлінетін мемлекет қаражатының үнемделуіне қызығушылығыңыз болса, онда Сіз Департаментке хабарласып тәуелсіз сарапшы бола алатындығыңызды есіңізге саламыз.

Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

1
0
351

Осы тақырып бойынша

БҚО-да арнайы мониторингтік тобының мүшелері білім гранттарын бөлуге байқаушы ретінде қатысуда - Yvision.kz