Бірлескен семинар - кеңес өткізілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент), ағымдағы жылдың 2 тамыз күні Ақжайық ауданының мемлекеттік қызметшілерінің арасында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлескен семинар - кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесі барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Жұмағазиевамен, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын негізгі талаптар бойынша түсінік берілді.
Сондай-ақ, семинар-кеңесі жұмысы барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратовпен мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін арттыруды көздейтін негізгі қызмет бағыттары түсіндіріліп, аталған мәселеге қатысты Ақжайық ауданының мемлекеттік қызметшілері тарапынан қойылған сауалдар бойынша мазмұндалған жауаптар берілді.
