Жолдау міндеттері: Білім мекемелеріндегі жылу қазандықтары сеніммен басқаруға берілуде
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар - мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімнің барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет», деп атап өткен болатын. Бүгінгі күні бұл міндеттер Ақмола облысында да ойдағыдай жүзеге асырылуда.Ақмола облысы білім басқармасының дерегі бойынша, 2017 жылы Целиноград ауданында алғашқы болып, әлеуметтік нысандардағы жылу қазандықтары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «ЦТК» ЖШС-не 15 жыл мерзімге сеніммен басқаруға б…