Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық спорт түрлерін Рухани жанғыру аясында тиімді құрал ретінде қолдану маңызы

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болады. Әр ұлттың дәстүрі, діні, тілі, салты, тіпті ұлттық ойын түрлері де бар. Ол атадан-балаға мирас болып қалады, оны ұлықтайды, ұмытпайды. Бізде еліміздің ұлттық қазыналарымен мақтана аламыз. Соның ішінде ұлттық ойын түрлерімен. Қазақстан халқы үшін ұлттық ойындар ерекше орын алады. Біздің ұлттық ойындарымыз күштілікті, ақылдылықты, мергендікті, төзімділікті, қырағылықты және шабандоздықты талап етеді. Ат спортының түрлеріне келетін болсақ: 1)аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс; 2)байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс, 3)ат жегу - тез арада атты дайындау; 4)ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару; 5)аударыспақ - ат үстінде алысу; 6)жорға жарыс - жорғалар сыны;7)құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы; 8)қыз қуу; 9)көкпар - командалық ойын; 10)жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу; 11)күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету; 12)сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу.

Елімізде Ат спортнының федерациясы бар. Федерациянын негізгі мақсаты ат спорт түрлерін дамыту және оны жаңғырту. Ең алғашқы шабандоздар мектебі 1956 жылы ашылғаннан бастап күні бүгінге дейін көптеген жұмыстар аткарылуда.

Бірақ солардың ішінде ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бұл сияқты тамаша спортты кеңінен таратуға барлық жағынан мүмкіншілік мол, республикамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары бар.

Бәйге мен аламан бәйгемен қатар, көкпар ойындарының дамуыны да ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан ағамыз осы көкпар ойын түрінің дамуына өз үлесін қосуда. Қырғызстан, Өзбекстан және тағысын тағы түркі тілдес мемлекеттер арасында біздің көкпардың даму, алға шығу жолдарын қарастыруда. Күні бүгінге дейін небір жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе ірі жарыс дүниежүзілік көшпенділер ойынын айта кетуге болады. Сол ойында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Ал ақыл-ой ойындарына келсек оған тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны жатады. Тоғызқұмалақ ойының Рухани жаңғыру аясында тиімді құрал ретінде пайдалануға болады. Себебі осы ұлттық ойынымызды көбі білседе, аса көп көңіл бөліне бермейді. Бұл ұлттық ойынымыз басқа ұлттық ойындарымызға қарағанда, мәселен ат ойындарында шабандоз кез-келген адам бола алмайды, ол үшін көп тер төгілу керек, көп жұмыстар жасалу керек, көп уақыт шыңдалу арқылы қол жеткізуге болатын спорт түрі десем қателеспеймін. Ал тоғызқұмалақ ойының алып кету әлдеқайда жеңілдеу және көп шығынды қажет етпейді. Қазір ақыл ойыны шахматтың дамуы және танылуы тоғызқұмалаққа қарағанда тым жоғарлап кетті. Расында, шахмат ойынынына сұраныс көп.

Қалай осы ойын түрін жаңғыртуға болады? Ең бірінші кезекте тәрбие тал бесіктен, отбасыдан басталады дегендей, әр қазақтың төрінде ұлттық аспабымыз домбыра ілініп тұрғандай, тоғызқұмалақ ойынымыз әр үйдің сөрелерінен орын тапса жаңғырудың алғашқы қадамы басталды деуге болады. Екіншіден, қазіргі заманның талабы бойынша ол өтімді және өзін ақтайтын жарнама. Тоғызқұмалақ ойынының мәнін түсіндіру арқылы, яғни оның – адамға үйлесімді тәрбие беруі, кез- келген жанның ақыл-ойының шыңдалуына, ми қызметін дамытуына және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға көмектесетін шахмат ойынынан кем түспейтінін айта кету керек. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жұмыс орындарында, қарттар үйі және балалар үйінде шеберлік сыныптар мен жарыстар өткізу арқылы оны жандандыру, таныту. Қазір “DOMBYRA PARTY” сияқты “TOGYZ KUMALAK DAY” деп аталатын іс-шаралар ұйымдастырылса, мектеп, жоғары оқу орын қабырғаларында тоғызқұмалаққа арналған секциялар ашылып, арнайы бөлмеде қоңырау уақыттарында ойнауға мүмкіншілік жасалынса нұр үстіне нұр болатын еді.

Бұл ұлттық ойынымыз ұмытылып бара жатыр. Сондықтан, қанша жерден өзгерістер болсын, әлем дамысын, ұлттық ойындарымызды дамытып әрі оларды жаңғырту біздің болашақ ұрпақ үшін жасалатын міндеттеріміздің бірі.

Дайындаған:

Аға оқытушы Сейдалиев Кенесары Наурзбайұлы

Студент Доғдырбайқызы Аружан

1
0
2038

Осы тақырып бойынша

Ұлттық спорт түрлерін Рухани жанғыру аясында тиімді құрал ретінде қолдану маңызы - Yvision.kz