Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да инвестициялық жобалардың проблемалық сұрақтары талқыланды

2018 жылдың 19 қазанда Батыс Қазақстан облысындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы проблемалық сұрақтарды талқылау бойынша инвесторлармен кездесу өткізілді.

Аталған шараға «Kazinvest» АҚ ҰК басқарма төрағасының орынбасары Б.Б.Канешев, облыс әкімінің орынбасары М.М.Сатқанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов, «ОК Орал кабель» ЖШС, «Конденсат» АҚ, «ABS Мұнай» ЖШС өкілдері қатысты.

Кездесу барысында инвесторлар аталған шараның маңыздылығын атап өтіп, жобаларды жүзеге асыру барысындағы кездесетін проблемалар туралы өз ойларын білдірді.

1
0
421

Осы тақырып бойынша