Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі»

18 қазан күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, профессор-оқытушы құрамы, магистрлер мен студенттер қатынасты.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 6 қазандағы Жолдауынан туындайтын мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың идеологиялық және кәсіби аспектілері», «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық мәселелері мен шетелдік тәжірибелері» және тағы басқа сұрақтар талқыланды.

0
0
472

Осы тақырып бойынша