Пидақорлық
Сіз қолындағы барын өзіне қажет болса да басқа адамның бақыты үшін, басқа адамның өмірі үшін пида еткен жандарды көрдіңіз бе? Ал жандары нәзік, өздері өте әлсіз адамдардың өте күшті дейтін жандардан да асып түсіп, үлкен, батыл қадамдарға тәуекел ете алатынын біліп педіңіз? Керемет деп айтылсын деген рияға тәуелді болмауға тырысып, жалған сезім мен жалған сенім жетегінде кетпей, қарапайым адам болып қалған осындай жандардың бірінің пидақорлық оқиғасын осыдан тоғыз жыл бұрын естіген едім. Ол кезде әлі жетінші сынып оқушысы болсам да, менің сол кездегі бала көңіліме бұл оқиға қатты әсер еткен болатын. Мектепте оқитын құрбымның анасын өте жақсы танитынбыз. Анасының есімі Әсел болатын. Өзінің қарапайымдылығы, ұялғанда бетінің ұшы қызғылт тартып қызаратындығы, орнында айтылатын қалжыңдары адамд…