Мазмұнға өту
happylucky

Physical Culture

@happylucky

Сайтта 2018 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Салауатты спорт рационының маңыздылығы туралы

Спортшы үшін күнделікті қарқынды жаттығулармен қатар, дұрыс тамақтану ережесі де маңызды рөл атқарады, себебі спортшының рационы адамның рационынан ерекшеленеді, ол энергияны қарқынды сабақтармен жұмсамайды. Айырмашылықтары тек қана калорияда емес-спортшы өзін жақсы қалыпта ұстау үшін, бұлшық, энергия және витаминдер үшін көмірсулар мен көп ақуыз қажет. Спорт түрін, сабақтардың ерекшеліктерін, спортшының жынысы мен салмағын ескере отырып, мәзірді құру керек.Спортшыға қалай дұрыс тамақтану қажет?Үнемі жаттығатын адам үшін қажет:· күніне кемінде 4 рет тамақтану; · құрамында ақуыз немесе көмірсулары бар жеңіл тағамдарды жүрек жалғап алу;· тағамда ақуыз, талшық және көмірсулар жеткілікті мөлшерде болуын қадағалау.Дене салмағына, жаттығу қарқындылығына байланысты тамақтанудың калориясы тәулігі…

1
0
812

Футболдың бүгіні мен ертеңі

Қазақта «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген сөз бар. Қазір бұл сөздің мағынасы ауысып кеткенді. Расыменде, ала доптың қызығын барлық әлем көруде. Ең көп жанкүйерлер қатары да аяқдоп өнерінің еншісінде. Осы спорттың арқасында көптеген мемлекеттер әйгілі болып, экономикасы және туризмі дамуда. Ал біздің елімізде осындай жағдай қашан орын алмақ? Биыл жазда көршілес Ресейде өткен әлем чемпионатына қатыса алмадық. Бұл қазақ футболының тарихындағы ең жақын әлем чемпионаты болған. Ресей төңірегінде ойнаған алпауыт футболшылардың қатарында өз еліміздің футболшылары қатыса алмағандығы өте өкінішті. Алайда, елімізде футболды дамыту үшін көптеген, түрлі амалдар жасалды, жасалып та жатыр. Ең алдымен саны емес сапасы маңызды. Сол амалдар өз орнын тауып, оң нәтижесін беріп жатырғандары да бар.…

1
0
813

Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен тұлға

Бекзаттай қазақтың батыр ұлын білмейтін қазақ түгіл әлем жоқ шығар. Ол қазақтың бокс тарихындағы Сиднейден өткен XXVII олимпиада ойындарының чемпионы. Бекзат Саттарханов жүз қырық үш жекпе-жек өткізіп, оның жүз отыз екісінде жеңіске жетті. Ата-анасы күреске бергенімен, оның бокс өнеріне аңсары ауды. Ол талайын шаң қақтырған. Оның жұдырықтасу техникасы мен көз ілеспес аяқ қимылына жаһанның жуан боксшылары тәнті болып,талантына тамсанған. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман. Ол болмыс бітімі бөлек ұл еді. Бар жоғы жиырма жасында Олимп шыңын бағындырып, жиырма жасында құйрықты жұлдыздай жарқ еткен тұлға. Оның Сиднейде жарқыраған сәті екі мыңыншы жыл болған. Ол кез тұрмыс қинаған күрделі шақ еді. Сол шақта Бекзат бастаған спортшыларымыз анау Австралиядан сыңғырлатып алтын мен күміс…

0
0
1009

Теннис ойынының елімізге әкелер пайдасы

Теннис ойындары бұрындары тек қана ақсүйектердің ойыны болып саналып келді. Бірақ уақыт өте келе теннис ойыны барлығына да қол жетімді болды. Теннис ойындары басқа спорт түріне қарағанда, мәселен футбол, миллиондаған стадион көрермендерді жинамайды және танылуы да аздау, бірақ бұндай жағдай оның пайда болу уақытынан бастап орын алған. Кішігірім стадионды көбіне қызығушылық танытқан адамдар ғана толтырады.Елімізде теннис ойының дамыту стратегиясы 2008 жылы аталып, басшылықтың қолдауымен басталып кетті. Стратегияның ең бастапқы қадамы болып инфрақұрылымды дамыту, яғни арнайы спорт кешендерін, корттар салу. Бұл мақсат жүзеге асты, он жыл ішінде елімізде 184 корт салынды. Барлығы дерлік халықаралық стандартқа сай және жоғарғы деңгейдегі жарыстар ұйымдастыруға мүмкіншіліктері бар. Еліміздегі Т…

0
0
1379

Ұлттық спорт түрлерін Рухани жанғыру аясында тиімді құрал ретінде қолдану маңызы

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болады. Әр ұлттың дәстүрі, діні, тілі, салты, тіпті ұлттық ойын түрлері де бар. Ол атадан-балаға мирас болып қалады, оны ұлықтайды, ұмытпайды. Бізде еліміздің ұлттық қазыналарымен мақтана аламыз. Соның ішінде ұлттық ойын түрлерімен. Қазақстан халқы үшін ұлттық ойындар ерекше орын алады. Біздің ұлттық ойындарымыз күштілікті, ақылдылықты, мергендікті, төзімділікті, қырағылықты және шабандоздықты талап етеді. Ат спортының түрлеріне келетін болсақ: 1)аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс; 2)байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс, 3)ат жегу - тез арада атты дайындау; 4)ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару; 5)аударыспақ - ат үстінде алысу; 6)жорға жарыс - жорғалар сыны;7)құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы;…

1
0
2035