Мазмұнға өту

Жаңа

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

2019 жылдың 19 ақпанда Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Рухани жаңғыру» фронт-кеңсесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа өзгерістерді қабылдауы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған кездесуге облыстық «Рухани жаңғыру» фронт-кеңсесінің жетекшісі С.Тұманбаева, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Давлетжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің және Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының маңыздылығы кеңінен атап өтілді.

1
0
558

Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару

18 февраля 2019 года на базе СОШ №10 им. А.Байтурсынова проведен обучающий семинар для руководителей образовательных организаций и заведующих городских (районных) методических кабинетов на тему: «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару».

В работе данного мероприятия принял участие заместитель руководителя департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Западно-Казахстанской области Жубаныш А., который разъяснил участникам мероприятия о важности формирования и повышения антикоррупционной культуры в обществе, а также о профилактике коррупционных правонарушений и об основных направлений работы проектного офиса «Ақжайық – адалдық алаңы».

1
0
256

Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару

2019 жылдың 18 ақпанда Орал қаласының А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы білім беретін мектебінің базасында мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдары басшыларына, қалалық (аудандық) әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару» атты оқыту семинары өткізілді.Аталған семинар жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысып, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөні…

1
0
369

Келесін-ау біреуге, бақыт болып...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – PaSHEKA “Встреча двух сердец”Бейнематериал авторы – VIRA27196Өңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzСағынбаймын десем де, сағындырған,Бағынбаймын десем де, бағындырған.Ей махаббат, бар ғой сенің, мың қырың,Ашылмаған адамзатқа, мың сырың.Келесін-ау біреуге, бақыт болып,Қанат беріп, ұшыртасың самғатып.Сұлу етіп әлемді, мың өзгертіп,Бағын сыйлап жатасың-ау, көтеріп.Біреу жатар, махаббатан өкініп,Бар ма екен ғашықтар, шалынбаған?Сағымдары жатсада тағы өксітіп,Армандайды-ау сол кезді, артта қалған.Біреу жүрер сөйлесіп, көлеңкемен,Басқа түскен тағдырға, көнер емес.Тыңдамайды-ау келгенді, кеңесімен,Өз өмірін қалайды-ау, елесімен.Ал біреуі кетеді, ашуланып,Тағдырымен ойна…

0
0
519

Ескі альбом

Әттең, уақыт бізге бағынбайды. Оны қалаған кезде ұзартып, қаласақ қысқарта да алмаймыз. Зымырап өтеді де, шығады...Үйдегі ескі альбомымды тауып алдым. Суреттердегі әрбір сәтті еске алдым сосын. Сенің суретіңді көрген кезде...жылы жымиып, бейнеңді көз алдыма елестеттім. Білесің бе, Сен менің жадымда тура суреттегі қалпыңдасын. Аппақ, тап-таза, сүп-сүйкімді, әзілкеш. Ммм...даусың қандай еді. Елітетін, ерітетін. Сол кезде сені мүлдем танымаппын ғой. Ғашық болғаным сонша – Сені көрсем, қызанақтай қызарып, сөйлесуге қымсынатын едім. Сен, тіпті басқалар біліп қоя ма, сезіп қоя ма деп қорқатынмын. Ғашық болу – ұят емес қой. Сол кезде батыл болғанымда ғой. Қандай балмұздақты ұнататыныңды, қандай жанрдағы фильмдерді жақсы көретініңді, шай ма, әлде кофе ме, қайсысын қалайтыныңды білетін едім. Қазір…

0
0
568

«Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы»

2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Шараға № 9 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толды. Қазақстан тарихына танымал актер, театр және кино режиссері, ұлттық кино өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде танымал тұлға. Бала Шахкәрімнен - «қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановқа дейінгі өмірімен, КСРО Халық әртісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылық өмір жолымен танысты. Осы іс-шара жас ұрпаққа қазақ кино өнеріне, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйсіспеншіліктерін арттыру деген мақсатымен өтті. Балалар іс-шараға дайындаған кітап көрмесімен танысты. https://photos.app.goo.gl/i3MBy1Cq7gsdX7sb6

0
0
522

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғам әлеуетін көтеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

2019 жылдың 15 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақ арсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділерімен ынтымақтастықты нығайту және 2018 жылы атқырылған жұмыстардың қорытындысы бойынша алқа отырысы өткізілді.Отырысқа облыстық және аудандық АМТ басшылары мен мүшелері, бенлсенділер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, аудан әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.Өзінің алғы сөзінде департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов Мемлекет басшысымен «Қазақстан-2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекет үлгісіне берген қозғалыс векторы мемлекеттік басқарудың барлық саласына ауқымды оң ө…

0
0
316

Қазақ әндерінің сақтаушысына 150 жыл

Александр Затаевич дала ақындарының ұрпақтан ұрпаққа ауыз әдебиетмен жеткізген мәдени өнерін қағаз бетіне түсіріп, сақтап қалды. Ол заманның ақындары суырып-салма сөз өнерімен халықтың мұң зарын, мұқтаждығын домбырамен сүйемелдеу арқылы айтатын болған. Үлкен еңбек пен махаббат арқылы ол біздің халқымыздың ұмытылмас музыкалық мәдениетін сақтап қалды. Халық оны жақсы көрді, бағалады, әндерін сеніп тапсырды. Біз Затаевич туралы өте көп білмейміз. Ресейде туылған, бәлкім, поляк әскерлерінің отбасында. 1904-1905 жылдары Варшавадағы Варшава консерваториясымен байланысты музыкалық сыншы болды. 1920 жылы Орынборға келеді. Сол уақыттан бастап ол Қазақстанның барлық жерлерін аралап, халық әндерін жинап, жазбаларын жаза бастады. Қазақ ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қамқорлығымен…

0
0
1166

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік»

Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері жеке сектордағы тексеру жұмыстарын күшейтті. Басты назарда – көп балалы отбасылар мен балалары полицияда есепте тұрған ата-аналар. Тәртіп сақшылары тұрмыс жағдайын тексеріп, құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі алдын алу сипатындағы әңгімелесулер өткізеді. Полицейлердің міндеті – жасөспірімдер тарапынан болатын, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу. Тек жылдың басынан өңір полицейлері кәмелетке толмаған 14 жасөспірімді есепке қойды. Республикалық акция апта бойы жүргізіледі. Ювеналдық полиция қызметкерлерінен бөлек, бұл іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар да қосылды. Петропавл қ. ПБ Ювеналдық пол…

0
0
966

Ей махаббат, сен кімсің, мазамды алған...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Аrie Dzanashvili

Бейнематериал авторы – stef2012bg

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Зерттесем де түсінбедім, мен сені,

Досым бе едің, дұшпансың ба, сен маған?

Сонша мұңға батырасың, сен неге,

Жүрегімді, тыным таппай аңсаған?

Жайып салам көңілімді, неге саған,

Жұдырықтай жүректен, маза кетті.

Ей махаббат, сен кімсің, мазамды алған,

Бір жауапсыз, талай күнмен түн өтті.

Жан айқайым, әні тұр ғой көзімде,

Сары мұңым, тұрған жоқ па сөзімде.

Сүйгенім жоқ, сүйе алмадым, басқаны,

Өшпес сезім, тағдырымның бұйрығы.

Өртенеді ойымнан, ашып кеудем,

Жасқанамын мен кейде, кейде күйем.

Амал қанша, тағдырыма мен көнем,

Құлай сүйген өзімнен, бәрін көрем.

0
0
799