«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өткізілді
2019 жылдың 19 ақпанда Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Рухани жаңғыру» фронт-кеңсесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа өзгерістерді қабылдауы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған кездесуге облыстық «Рухани жаңғыру» фронт-кеңсесінің жетекшісі С.Тұманбаева, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Давлетжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің және Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының маңыздылығы кеңінен атап өтілді.
