Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару
2019 жылдың 18 ақпанда Орал қаласының А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы білім беретін мектебінің базасында мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдары басшыларына, қалалық (аудандық) әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару» атты оқыту семинары өткізілді.
Аталған семинар жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысып, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
