Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы»

2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Шараға № 9 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толды. Қазақстан тарихына танымал актер, театр және кино режиссері, ұлттық кино өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде танымал тұлға. Бала Шахкәрімнен - «қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановқа дейінгі өмірімен, КСРО Халық әртісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылық өмір жолымен танысты. Осы іс-шара жас ұрпаққа қазақ кино өнеріне, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйсіспеншіліктерін арттыру деген мақсатымен өтті. Балалар іс-шараға дайындаған кітап көрмесімен танысты. https://photos.app.goo.gl/i3MBy1Cq7gsdX7sb6

0
0
476

Осы тақырып бойынша