«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының мақсаттары мен бағыттары нақтыланды
2019 жылдың 22 ақпанында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен облыстың аудан әкімдіктерінің «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлерінің қатысумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссияның отырысы өтті.Отырыста «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмыстар және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған тың жобалар мен ұсыныстар, мемлекеттік сатып алулар өткізу кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын алу туралы мәселелер қаралды. Жиында «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева аясында облысымызда атқарылған жұмыстар туралы және бекітілген жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының шеңберінде «Пара беру – сатқындық» ауқымд…